Хикмет
баспа үйі
55
с
Тәпсіршілер бұл аят кәримәде айтылған қауіптің,
«кедейліктен қорқу немесе дүние сүйіспеншілігімен
дінінеқызметөтуменХақтыңсезінтаратужолындағы
қайрат пенжанқиярлық, мал-мүлікжұмсауданаулақ
болу» екендігін айтады. Сондықтан мүмин қандай
жағдайда болмасын, Аллаһ жолында малымен де,
жанымен де қызмет етуге тырысуы керек. Өйткені
осы өмір сияқты қолымыздағы дүниелер де аманат.
Бұл аманаттарды орынды қолдану мәңгіліктің табы-
сы болса, сараңдық пен рахатқа салынып бұларды
жинап, нәпсіге сақтау ақырет қайғысына себеп бола-
ды.
Мүмин Аллаһ жолында жүмсау турасында мына
ғибрат көрінісін есінен шығармағаны дүрыс:
Мәйіт жерленгеннен кейін денеге қүрттар
қаптағанша туыс-туғандар көңіл айтып болады. Кей-
ін мирасшылар мал бөлуді бастаған кезде, топырақ та
денені бөліп,жоғалта бастайды. Екі іс те бірқарағанда
қатар жүреді де, қатар аяқталады. Бір жақта дене та-
ратылса, екінші жақта байлық таратылады. Бұл хал-
ді таңдана тамашалаған рух көптеген істеріне өкініп,
қолымен тізесін ұрмақ болады, бірақ, онда қол да,
тізе де қалмаған!.. Ал амалдар басқаша... Дүниеде
ие болған тақуалық пен салих амалдар ақырет
өміріміздің ең қайырлы қоры болады.
Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
былай дейді:
«Кабір (амалға қарай) не жәннат бақшаларының
бір бақшасы неме-се жәһаннам шұңқырларының бір
шүңқыры».
(Тирмизи, Қиямет, 26)