Хикмет
баспа үйі
53
- Уа, Расулаллаһ! Маған өсиет айт, бірақ, қысқа
және нұсқа болсын! - деді.
Сонда Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм):
«Намазыңцы, (өмірмен) қоштасқан адамның на-
мазы сияқты оқы! Кешірім сұрауды қажет ететін
сөзді айтпа! Адамдардың қолындағысынан үмітіңді
үз!» -
деді.
(Ибн Мәже, Зүһд, 15; Ахмед бин Ханбәл, Мүснәд, V, 412)
Сондықтан өлімге әзірленуге тырысқан мүмин
ретінде
ғибадаттарымызбен
қатар,
қарым-
қатынастарымыз бен адами іс-әреке терімізді де
Сүннеттен фәйіз алып отырып, жақсартуға міндет-
тіміз. Қолымызбен, тілімізбен үмметке пайдалы
жан болып, өзіміз үшін қалаған бір нәрсені мүмин
бауырымыз үшін де қалайтындай қамқор-лыққа же-
туіміз керек. Сөйтіп, Аллаһ пен Расулына деген ма-
хаббат, көңілімізден барлық жаратылысты қамти
алатындай жайылып, оларға Хақ Тағаланың көзімен
қарауымызға себеп болуы қажет.
Ақтық демге дайындықта екінші маңызды бір
жәйт - ихсан сезімінжүрекке орнықтыру. ЯғниАллаһ
Тағаламен әр сәт жүректің бірге болуын қамтамасыз
етіп, өзін үнемі Аллаһтың назарында екенін сезіну.
Пенденің ең үлкен бақыты - Раббысымен бірге болуы.
Бірақ, жүрекке бағынбай, нәпсіге жеңілген ақыл
мұны түсіне алмайды. Сондықтан олар ең үлкен
бақыттан хабарсыз.
Әрі мүмин тәуекелшіл, сабырлы болуы керек.
Өмірдіңтолқынындасалмақтылығыментепе-теңдігін
сақтай білуі керек. Пайғамбарымыздың (саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм) басынан өткен ауыр сынақтарды