Previous Page  48 / 382 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 48 / 382 Next Page
Page Background

50

Хикмет

баспа үйі

үй

Құл ақтық демін жақсы аяқтау, яғни иманмен

жан тапсыруы ушін ең алдымен жүрегін тазартуы,

яғни жағымсыз қылықтардан тазартып, жақсы

қасиеттермен безендіруі қажет. Өйткені осылайша

жүректің тақуалық қалыпқа жетуі өмір жолының ең

қүнды һидайят шырағы. Мәуләнә Хазіретінің мына

сөздері де тазарудың осы мәнін түсіндіргендей:

«Мазарды таспен де, ағашпен де, киізбен де

жасауға болмайды. Дақсыз көңіліңде өзіңнің ішкі

тазалық дүниеңде, өзіңе мазар қазуың қажет

болғаны сонша, ол үшін Аллаһтың үлы заты алдын-

да өз болмысың мен өзіңе тән ой-арманыңды жоюың

керек».

Тазарудың кәміл түрде іске асуы, жүректің дамуы

үшін де Аллаһ пен Расулына деген сүйіспеншілік

сезіміне толы болуы қажет. Аллаһқа деген

сүйіспеншіліктің ең үлкен белгісі оған мойынсүну.

Аллаһқа қарсы бола түра оған сүйіспеншілігін айту

өзін өзі алдау болып табылады.

Аят кәримада Аллаһ Тағала былай дейді:

«(Расулым!) Айт: Егер әкелерің, ұлдарың,

бауырларың, жұбайларың, туыс-туғандарың тапқан

мал-мүліктер, күйіп кетуінен қорыққан сауда,

рахаттанған орындар сендерге Аллаһтан, Расулы

мен Аллаһ жолында күресуден де сүйкімді болса,

онда Аллаһтың әмірі келгенше күтіңдер. Аллаһ

пасықтар қауымын һидайятқа жеткізбейді».

(Тәубе

сүресі 24)

Сол үшін Аллаһ пен Расулына тән қасиетті махаб-

батымызды барлық нәрседен жоғары ұстап, ақтық