Хикмет
баспа үйі
Міне, бір бәле келген кезде есін жинап, амандыққа
қауышқан сәтте қайтадан бүрынғы азғындығына
қайтатындардың ақтық демдегі оянулары өкініп,
иманға келуі бір қасірет. Сол себепті де тәубе мен
өкінішті ақтық демге қалдыру өзіңді өзің алдарқату
ғана. Осылай бола тұра өмірдің күтпеген оқыс
оқиғалары мен бүралаңдары ішінде теңселіп жүріп,
өлімнің терең әрі үнсіз айқайына құлақ аспау, бір
күні өзіміздің де сол есіктен кіретінімізді есепке ал-
май өмір сүру өте аянышты ғапылдық.
Аллаһ Тағала көптеген аят кәримәлерде дүние
өмірін сынақ мақсатында жаратқандығын баяндай-
ды. Ғапылдыққа салынып, негізгі мақсатымызды
үмыту ықтималына байланысты бір иләһи ескерту
бабындағы мына аят кәрималарда былай делінеді:
«Әрбір жан иесі өлімді татады. Сендерді сынап,
жақсылық не жамандықтармен байқаймыз. Бәрі бір
сендер тек бізге қайтарыласыңдар».
(Әнбия сүресі 35)
«Ол қайсыларың жақсы әрекет ететіндігін сынау
үшін өлім мен өмірді жаратқан...»
(Мүлк сүресі 2)
Сол себепті дүниеде жасаған ғибадат, қарым-
қатынас, ахлақпен алып-берген барлық деміміз,
бір сөзбен айтқанда, ақтық деміміздің бағдаршысы
іспеттес. Сонымен қатар ақыреттегі өміріміздің осы
дүниедегі аудармасы сияқты.
Имам Ғазали (рахматуллаһи аләйһи) былай дейді:
«Дүниеде мағрифаттың дәмін ала алмаған адам
ақыретте Аллаһтыңдидарын көрудіңдәмінала ал-
майды. Адам баласы дүниеде тауып, ақысын өтей
алмаған бір нәрсеге ақыретте ие болмайды. Осы жер-
47