Previous Page  35 / 382 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 35 / 382 Next Page
Page Background

Хикмет

баспа үйі

37

тырысуы керек. Өлімнің суық үрейінен құтылудың

бірден бір себебі тек ізгілікпен өмір сүруге тырысу.

Өйткені, өлімге әзірленген-дер өлімнен қорқудың ор-

нына оны мәңгілік бір қауышу дәнекері деп түсінеді.

Бұлар «өлімді әрлендірудің дәмін татқан бақытты

жандар. Бірақ, ғапылдықпен өмір сүріп, ақыретін

жаққандар болса, өлімнің қорқынышты әрі қараңғы

иірімінің алдында бойын суық үрей билеуден құтыла

алмайдың. Хазіреті Мәуләнә қандай жақсы айтқан:

«Ұлым, әркімнің өлімі өзі түсіне байланысты,

адамды Аллаһқа қауыштыратындығын ойла-

май, өлімнен жиіркенгендер үшін өлімге дұшпан

болғандарға өлім қорқынышты бір дұшпан сияқты

көрінеді. Өлімге дос болғандардың алдынан дос

сияқты шығады».

«Ей өлімнен қорқып, қашқан жан! Мәселенің негі-

зін, сөздің шындығын қаласаң, сен негізінде өлімнен

қорықпайсың, сен езіңнен қорқасың».

«Өйткені, өлім айнасынан көріп үркіп, қорыққан

өлімнің бейнесі емес, өзіңнің жағымсыз керінісің.

Сенің рухың бір ағаш сияқты. Өлім сол ағаштың

жапырағы. Әржапырақ ағаштыңжынысына, түріне

қарай болады...».

Мінеки, құл осы дүниелік өмірінде менмендікті

артқатастап, рухындажасырылғанперіштеліксипат-

тар бағытындағы сатыларды асар болса, яғни «өлмей

тұрыпөлу»сырынақанықболса,елім-қиялжетпейтін

ұлы Раббыға қауышудың қажетті бір қадамы болып

көрінеді. Осылайша көптеген адамдардың қорқуына

себеп болған өлім көңілде «Рәфиқи-Ағлаға», яғни «ең

ұлы досқа» қауышу шаттығына айналады.