34
Хикмет
баспа үйі
Біз білетіндей, Ібіліс алғашында Хақ алдында
үлкен мәртебеге ие еді. Бірақ, тәкаппарлығының ке-
сірінен Аллаһ Тағаланың әмірінің құдірет, ұлылық
пен айбынын көре алмай, өзінің Хазіреті Адамнан
жоғары екендігін айтты. «Мен» сезімі арқылы өзінде
абыройменмансапбардепойлағаныоныРаббысының
әміріне қарсы шығуға дейін итермеледі. Ақыры,
тәкәппарлығы мен қырсықтығының құлы болып,
мәңгілік қасіретке тап болды.
Қарун да алдында пақыр әрі салих адам еді.
Тәуратты Хазіреті Мұсадан кейін ең жақсы
тәпсірлейтін еді. Хазіреті Мұсаның дұғасының бере-
кетімен оған алхимия ілімі берілген болатын. Бірақ,
кейіннен нәпсісі мен шайтанның азғыруына еріп,
жүрегі дүниеге бұрылды. Қазыналарының кілтте-
рін күшті-қуатты біртоп адам әрең көтеретін еді.
Осыған алданып, мақтаншақтықпен байлықтың иі-
ріміне түсті. Бірақ Хазіреті Мұса оған зекет беруді
бұйырғанда ол:
«Малыма кез салдың ба? Мұны мен өзім таптым»
деуге батылы барып, қателікжасады. Малы оны
мақтаншақ етіп, жойылуына себеп болды.
Сейтіп, Қарун, Хазіреті Мұса мен Хазіреті
һарунның рухани дәрежелерін қызғана бастады. Ха-
зіреті Мұсаның арына жала жабатындай қызғанышы
артты да, ақырында мақтанған қазыналарымен бірге
жер түбіне батып, жоқ болды.
Мүліктің иесі болған Аллаһ Тағаланы ұмытып,
мал-мүлік мәртебе сияқты тұзақтары бар дүниеге
көңіл бөлу - ғапылдықтың ең ащысы.