Хикмет
баспа үйі
сахабалардың соңғы демінде көрсеткенжоғары ахлақ
пен парасаттылығын көрсетулеріндегі өте мәнді мы-
сал:
Ярмук соғысында болатынбыз. Айқастың табы
басылып, оқ пен найза соққысынан жараланған
мұсылмандар ыстық құм үстінде жан тапсыра ба-
стады. Осы кезде мен де өз күшімді әреңжинап, не-
мере ағамның үлын іздедім. Хал үстінде жатқан
жаралылардың арасын біраз аралап жүріп, ақыры
таптым. Бірақ шарасыз, қанға боялған ағамның ұлы
кез ишарасымен әрең сөйледі. Алдында әзірлеген су
торсығымды көрсетіп:
«Су ішесің бе?» - дедім.
Ішкісі келетіндігі белгілі еді, өйткені еріндері
ыстықтан қуырылғандай еді. Бірақ, жауап қататын
шамасы жоқ еді. Бейне бір көзімен аянышты халіне
ишарат етті.
Мен торсықтың аузын ашып, суды оған қарай соза
бергенімде арғы жағындағы жаралылардың арасы-
нан Икримәнің дауысы естілді:
«Су! Су! Бір тамшы болса да су!»
Немере ағамның үлы Харис осы жан дауысты ести
сала, өзі судан бас тартып, ымдап судыИкримәға апа-
руымды сұрады.
Ыстық құмның үстіндежатқаншейіттердің арасы-
нанжүгіре-жүгіре Икримәға барып, торсығымды соз-
дым. Икримә торсыққа қолын соза бергенде Ыяштың
аянышты дауысы естілді:
«Өтінем, бір тамшы су беріңдерші! Аллаһ
ризашылығы үшін бір тамшы су!»
28