Хикмет
баспа үйі
25
т
сүралады!..» - деп, біраз уақыт көптеген жайттарды
айтады.
Соншама түсініктеме берілсе де мәселенің негізіне
назар аударылмаған соң Шибли Хазіреті уағызшыға
былай деп дауыстады:
«Ей, уағызшы мырза! Аллаһ Тағала соншама көп
сұрақ сұрамайды. Ол: Ей, Құлым! Мен сенімен бірге
едім, сен кіммен бірге болдың?!» - деп сұрайды.
Олай болса, ең үлкен қағида Хақ Тағаламен бірге
бола білу, демді босқа жүмсамау. Мына бір нақыл
сөзде осы хал қандай тамаша айтылады:
Сенсіз өткен сағаттарымыз
Зая кеткен екен, түсіндік...
Осы қағидаға шақыру бабында Расулуллаһ
(саллаллаһу алейһи уә сәлләм) Ибн Омардың
(радиаллаһу анһу) екі иығынан үстап, былай деген:
«Дүниеде бейне бір ғаріп немесе жолаушы сияқгы
бол!»
(Бұхари, Риқақ, 3)
Осы сезіммен Ибн Омар (радиаллаһу анһу) да
сүхбаттарында үнемі мына насихатты айтатын:
«Ақшамғажетсеңтаңцыкүтпе,таңғақауышсаң
ақшамды кутпе. Сау кездеріңде наукдс кезің үшін,
тірі кезіңде өлімің үшін дайындал».
(Бұхари, Риқақ, 3)
Жазғы жаңбыр сияқты өмірдің ағысын білдіретін
бұл сөздер біздің бетімізді нағыз емірге бұрады. Сон-
дай-ақ Аллаһ Расулы (саллаллаһу алейһи уә сәлләм),
мұны бір дұғасында былай жеткізеді:
«Аллаһым! Нақты өмір - тек ақыреттегі өмір
ғана»
(Бұхари, Риқақ, 1)