Previous Page  24 / 382 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 24 / 382 Next Page
Page Background

26

Хикмет

баспа үйі

Осы сырды дұрыс түсінген сахабалардың өмірі сан-

сыз парасаттылық, хикмет пен ғибратқа толы:

Мүшриктерге тұтқындалып өлтірілу сәтінде

Хубәйбтің (радиаллаһу анһу) шейіт болар алдында

бір ғана өтініші бар еді, ол - «Хазіреті Пайғамбарға

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сүйіспеншілікке толы

бір сәлем жолдау» еді. Қасіретпен аспанға қарап:

«Аллаһым! Бұл жерде Расулүллаһқа (саллаллаһу

алейһи уә сәлләм) сәлемімді жеткізетін ешкім жоқ.

Оған сәлемімді Сен жеткіз!..» - деп мінәжат етті.

Сол кезде сахабалармен бірге Мәдинада отырған

Аллаһ Расулы (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):

«Оғандасәлем!»дегенмағынада«уәаләйһиссәләм»

- деді. Мұны естіген сахабалар таңданып:

«Уа,

Расулаллаһ!

Кімнің

сәлеміне

жауап

қайтардыңыз?» - деп сұрағанда:

«Бауырларың Хубәйбтің сәлеміне»

- деді.

(Бұхари,

Мәғази, 10; Уақиди, Мәғази, 280-281 б)

Содан кейін Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи

уә сәлләм), Хазіреті Хубәйбке «шейіттердің ұлысы»

деп:

«Ол жәннатта менің көршім болады!» -

деген.

Осы ғашықтық пен ынтаға екінші бір мысал:

Ұхұд

соғысының

соңында

Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) шейіттер мен

жаралылардың халін білуді бұйырды. Әсіресе бір

сахабаның жағдайын білгісі келген еді. Ол Сағд бин

Рәби (радиаллаһу анһу).