q
q
40
Сүннетті мойындамау - дін бұзудың амалы!
Қазақжерінде бұл ағымның анау айтқандайықпалы
болады деп ойламаймын. Себебі, бұл адасқан ағым
тарихта ешбір ислам әлемінде кең ауқымда қолдау
таппаған. Оның үстіне қазақ елінің әдет-ғұрпы мен
болмысы хадистермен біте қайнасып, санасына сіңіп,
тамырына тарап кеткен. Қазақтың көптеген мақал-
мәтелдер мазмұнына да көз жүгіртсек, қайнарының
пайғамбарымыздың хадистеріне барып тірелетініне
куә боламыз
37
.
Басқа мұсылман халықтар секілді қазақ даласында
да пайғамбар сөздері мен сүннетіне деген құрмет пен
қастерлеу ерекше орынға ие. Қожа Ахмет Йассауи
бабамыз:
«Үмбет болсаң, Мұстафаға ерер болғыл,
Айтқандарын жан-тәніңмен сен де алғыл...
Сүннеттерін бекем тұтып, үмбет болғыл,
Күндіз түні мадақ айтып, ұлпат бол», – деп,
мұсылмандарды Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбардың
артына еруге, айтқан хадистеріне сеніп, сүннеттерін
бекем тұтуға шақырған.
Қазақ халқының хадиске деген құрметін
Абайдың:
«Аят, хадис емес қой,
Күпір болдың демес қой,
Қанша қарсы келсеңіз»
38
, – деген өлең жолдарынан
да байқауға болады. Абай бұл жыр жолдарында аят
пен хадиске қарсы келудің күпірлік екенін, ал одан
өзге ойларды еркін айтуға болатындығын жеткізген.
Абайдың басқа бір өлеңінде:
«Әуелі аят, хадис – сөздің басы,
37
Кеңірек мағлұмат үшін қараңыз: Шәмшат Әділбаева, Сүннет-салтымыз,
хадис-ғұрпымыз,
«Көкжиек»
баспасы, 2009 ж.
38
Абай Құнанбаев, Қалың елім, қазағым, 32-бет.
«Атамұра»
баспасы,
2002 ж.