Previous Page  36 / 44 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 36 / 44 Next Page
Page Background

q

q

36

Сүннетті мойындамау - дін бұзудың амалы!

лып кетеді. Осылайша, шыбын алғашқы қанатымен

жұқтырған микробты дезинфекциялайды.

Ғалымдар шыбынның арқасынан басқан кезде

микроскоп арқылы кейбір микробтардың кәдімгідей

қимылдап жүргендерін байқаған. Бүгінде олардың

стерилизация қызметшілері екеніне ғылым толық

көз жеткізіп отыр. Бұл тек шыбынға ғана емес, шаян,

бал арасы секілді жәндіктерге де қатысты. Мыса-

лы, шаян шаққан жерге шаянды езіп жағу да емдеу

тәсілінің бір түрі. Ал бал арасы бір жағынан шипалы

бал жасаса, екінші жағынан улы сөл бөлетіні мәлім.

Бір ескере кететін жайт, ас-суға түскен шыбынды

батыру міндеттелген парыз емес. Бірақ қажет кезде

қолдануға да болатын ғылыми ақиқат.

Сүннет қажет емес дейтіндердің қисынға қайшы

хадис ретінде Алла елшісінің:

«Ешкім сол қолымен

тамақ жеп, су ішпесін. Себебі, шайтан сол

жағымен ішіп, жейді»

деген сөзін келтіреді. Яғни,

сол қолдың оң қолдан қандай айырмашылығы бар,

оны да Алла жаратты емес пе? Сол қолдың жазығы

не? дегендей қысыр қисындарын алға тартады.

Олардың бұл уәждеріне жауап берер болсақ,

біріншіден, төрт мәзһаб ғұламалары тамақты оң

қолмен жеуді діни міндет деп емес, әдеп, этика

тұрғысынан қарастырған. Себебі, көбіне сол қол

көңілге жағымсыз немесе былғаныш нәрселерді

ұстауда қолданылады. Тіпті біреуге бір нәрсені алып

беруде де оң қолды қолдану этикаға жатады. Бұл

сол қол мүлде қолданылмасын деген сөз де емес.

Кез-келген істе сол қолды оң қолға көмекші ретінде

қолдануға болады. Екіншіден, хадисте айтылған

шайтанның қалай сол жағымен ішіп-жейтіні бізге

беймәлім болғандықтан, сақтық та қорлық жоқ.

Үшіншіден, Құранда, күнәһарлардың амал дәптері