Previous Page  37 / 44 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 37 / 44 Next Page
Page Background

q

q

37

Сүннетті мойындамау - дін бұзудың амалы!

сол жақтарынан, ал салиқалы құлдардыкі оң жақтан

берілетіндігі айтылған. Құранда бұлай айтылғанына

қарағанда оң қолмен, сол қолдың бірдей емес екені

анық. Сондықтан оң қолмен жеудің адамға нендей ру-

хани әсері, тіпті астың қорытылуына қандай пайдасы

бар екені әлі толық зерттелмеген. Адам бойындағы

жағымды, жағымсыз қуаттардың бұған қатысы бар

ма, бұл өз алдында зерттеуді қажет ететін ауқымды

тақырып. Бұл анықталса да, анықталмаса да оң қолмен

жеудің Алла елшісінің күнделікті өмірде жасаған

үлгілі ісі екені анық. Ендеше, мұсылман баласы

пайғамбарын үлгі алып, оң қолымен жесе, Құрандағы

«Алла елшісінде сендер үшін керемет өнеге бар»

36

деген мағынадағы аятқа сай болғандықтан, ондай

құлдың сауапқа кенелері сөзсіз.

Әсілінде мұндай хадис мазмұнына қарсы шығудың

астарында батыс мәдениетінің алдында бүгежектеп,

төменшектеуден туындаған психологиялық жеңіліс

жатыр. Бәрімізге белгілі, батыста тамақ жегенде оң

қолға пышақты, сол қолға шанышқыны ұстайды.

Міне, осындай батыстың ешбір негізге сүйенбеген

жылтырақ мәдениетіне еліктеп, өз құндылықтарына

күмәнмен

қарайтындар

пайғамбарымыздың

жоғарыдағы сол қолмен жеуді құптамаған хадисін

жоққа шығаруға тырысқан. Шыны керек, мұсылман

үшін батыс мәдениеті өлшем емес. Керісінше біз өз

құндылықтарымызбен мақтануға тиіспіз. Мұсылман

мәдениетінде бізді ұятқа қалдырып, басымызды

төмен қарататындай ешбір қағиданың жоқ екенін

әсте естен шығармауымыз ләзім.

4.

Хадис қажет емес дейтіндер ислам әлемінің

әртүрлі мәзһабқа бөлінуі мен кейінгі ғасырда артта

36

«Ахзаб»

сүресі, 21-аят.