q
q
32
Сүннетті мойындамау - дін бұзудың амалы!
стер де осы тәсіл бойынша қайта сүзіліп, електен
өткізілді. Кейіннен имам әл-Бұхари, Мүслим секілді
мәшһүр хадис ғалымдары тарапынан арнайы қатаң
шарттар арқылы анықталған сахих хадистер өз ал-
дына жеке кітап ретінде жинақталды. Кейбір білімі
шала адамдар хадистердің қағазға түсірілу дәуірін
имам әл-Бұхариден бастайды. Бұл дұрыс емес,
сахабалардың, одан кейінгі табиғиндердің кезінде
де хадистер қағазға түсіріліп, сахих хадистерді әлсіз
хадистерден ажырататын ғылыми әдістемелер пайда
бола бастаған еді.
3.
Хадисті қабылдамайтындардың тағы бір уәжі
– көптеген хадистердің ақылға, қисынға келмейді
деулері. Мен олардың бұл тұрғыда мысал ретінде
келтірген хадистерін оқып көрдім. Бірақ олардың
мысал ретінде келтірген хадистері онсыз да ешбір
ислам ғалымының қабылдамайтын өте әлсіз, яки
ойдан шығарылған хадистер екенін байқадым.
Тіпті, кейбіреуі хадис жинақтарынан емес, хикая
кітаптарынан келтірілген.
Ориенталистер небір кемеңгер, данышпандарды
тәнті еткен Алла елшісінің бір сөзі бір томға тати-
тындай терең мәнді мыңдаған ғұмыршаң хадистерін
емес, онсыз да ислам ғалымдарының мойындамаған
әртүрлі әлсіз хадистерді немесе бір қарағанда ақылға
қайшы секілді көрінетін бірнеше сахих хадистерді
әр жерден жинап-теріп пайғамбар хадистерінің
бәрін кейіннен ойдан шығарылған қисынсыз
сөздердің жинағы сияқты көрсетуге тырысуда. Бұл
әрекеттерімен олар діни ілімі таяз халықтың ба-
сын қатырып, пайғамбарға деген имандарына сызат
түсіруді мақсат етуде.