Previous Page  29 / 44 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 29 / 44 Next Page
Page Background

q

q

29

Сүннетті мойындамау - дін бұзудың амалы!

жаттау жолымен жеткен жоқ па? Бір жерде айтылған

Қобыланды секілді ұзын жырларды, ақындардың

айтқан айтыстарын сол жерде естіген адамдар келесі

жерде еш өзгертусіз жұртқа жатқа айтып жүрді емес

пе? Ал Алла елшісінің аузынан шыққан хадистер бұл

өлең емес, жөнсіз айтылған ұзыннан ұзақ әшейін сыл-

дыр әңгіме де емес. Пайғамбарымыз (с.а.у.) жөні жоқ

ретсіз сөйлемейтін. Көбіне белгілі бір оқиғаға орай,

яки сұраған сұрақтарға қарай нақты жауап беретін.

Белгілі бір сұраққа жауап ретінде немесе қандай да

бір оқиғаға байланыстырыла айтылған сөз сол жау-

апты күткен, яки сол оқиғаға қатысы бар әрбір адам

үшін маңызды болғандықтан, сахабалардың жадын-

да хадистер өте жақсы сақталған. Мысалы, сіз ел-

басымен яки басқа бір маңызды тұлғамен бірнеше

сағат бірге болсаңыз, ол кісінің сізге айтқан әрбір

сөзін жадыңызда жақсы сақтай аласыз. Неліктен?

Себебі, сіздің санаңыз оны қабылдауға әрі жаттауға

даяр болғаны үшін. Ал сахабалардың Алла елшісіне

деген құрметі мен сүйіспеншілігі бұл мысалмен

мүлдем салыстыруға да келмейтіндей көп еді. Ғуруа

ибн Мәсғұд

«Худайбия»

келісімінде Алла елшісі мен

сахабаларын көргеннен кейін құрайыштықтарға:

«Уа, қауымым! Мен көптеген патшаларға елші

болып бардым. Қайсарға да (Римнің патшасы),

Кисра (Иранның патшасы) мен ән-Нажашиға

(Эфопияның патшасы) да елші боп бардым.

Аллаға ант етейін! Мұхаммедтің сахабалары оны

сыйлағанындай ешбір патшаны төңірегіндегілер

сыйлаған емес. Аллаға ант етейін! Егер бір істі

бұйырса, оны дереу орындауға кіріседі. Егер дәрет

алар болса, артылған дәрет суына (тәбәрік үшін)

таласады. Оның алдында сөйлейтін болса да-

уыстарын бәсеңдетеді. Құрмет ретінде оның