Previous Page  26 / 44 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 26 / 44 Next Page
Page Background

q

q

26

Сүннетті мойындамау - дін бұзудың амалы!

біліп, қоғамда Құран жақсы қалыптасқаннан кейін

хадистердің жазылуына рұқсат берген.

Екіншіден, жоғарыдағы келтірілген риуаяттағы

тыйым ол хадистердің қағазға түсірілуіне қатысты

жалпы тыйым емес, Құран аяттары мен хадистердің

бір қағазда, яки бір тақтайшада бірге жазылуына бай-

ланысты айтылған тыйым болатын. Себебі, мұнда аят

пен хадистің араласып кету қаупі басым еді.

Үшіншіден, Алла елшісінің хадистерді жазбауға

байланысты келген тыйымдары жалпы барлық

сахабаға берген тыйымы емес, Құран мен хадисті

бір-біріне араластырып алуларынан қорыққан кейбір

адамдарға арнап айтылған тыйым болуы мүмкін

26

.

Хадистердің барлығы Алла елшісінің заманында

ресми түрде жазылмаса да, көптеген хадистердің сол

кезде жазылғаны анық. Жоғарыда келтірген хади-

стерде де білдіргеніміздей жазуды жақсы меңгерген

Абдуллаһ ибн Амр ибн Ас Алла елшісінен (с.а.у.) ха-

дис жазуға рұқсат алғаннан кейін хадистерді жазумен

шұғылданды. Оныңжазып алған хадистерді қамтыған

парақтар өзі атағандай

«ас-сахифатус-садиқа»

яғни,

«шынайы парақтар»

деген атпен танымал бол-

ды. Абдуллаһ ибн Амр ибн Ас бұл парақтардың

жоғалып кетуінен қорыққандықтан, оны арнайы

сандықта сақтаған болатын. Тіпті бұл парақтарға

жіті көңіл бөлгені соншалық ол:

«Мені бұл дүниеде

ұстап тұрған тек ас-сахифатус-садиқа мен Уәһт

27

қана»

– деген екен. Абдуллаһ дүниеден озғанда хади-

стер жазылған бұл парақтарды әулеті сақтап қалған.

26

Мұхаммед Лұқман әс-Сәлафи, әс-Суннату Хужжиатуһа уа мәканатуһа

фил-ислами уар-радд ала мункириһа, 168-бет.

«Мактабатул-әйман»

баспасы, Мәдина, 1989 ж.

27

Уәһт – Амр ибн Асқа тиесілі бақшаның аты. Ол осы бақшадағы өнімдерді

үнемі садақа ретінде беріп тұратын.