q
q
21
Сүннетті мойындамау - дін бұзудың амалы!
деген ұйымын құрды. Бірақ оның ықпалы мұсылман
ғалымдарының берген жауаптары арқылы әлсіреп,
жамағаты ыдырады. Үндістаннан Пакистан бөлінген
уақытта сүннетті жоққа шығару бүлігі
«Паруизшы-
лар»
деген атпен Пакистанға бірге ере барды. Бірақ
ислам ғұламалары олардың бүлігіне қарсы бірқатар
еңбектер жазып, кең жайылуына жол бермеді
19
.
Мысырда да ХІХ ғасырда Дози секілді
ориенталистердің сөзіне еріп, сүннетті жоққа
шығаруға тырысқан Мырза Бакир, Мұхаммед
Тауфиқ Сыдқи, Махмуд Әбу Раййа сынды шолақ
белсенділер пайда болды. Бірақ бұлардың соңынан
еріп, олардың пікірлерін жақтаған мұсылмандар бол-
мады. Қазіргі таңда Түркияда да Иашар Нұри Өзтүрік
тәрізді сүннетті жоққа шығаратындар кездеседі. Ол
өзінің
«Құрандағы ислам»
деген сүннетті сынға алған
кітабын жазды. Алайда түрік ғалымдары да оның
пікірлерінің қате екендігін, тіпті аталмыш еңбегіндегі
автордың өзіне өзі қайшы келетін тұстарын көрсетіп,
оған қарсы кітаптар жазды
20
. Түркияда да дінде үнемі
жеңілдік іздейтін кейбір құлшылыққа құлықсыз
адамдарды қоспасақ, олардың артынан ерген жамағат
шықпады.
– Сонда сүннетті жоққа шығарушылар нендей
уәждерге сүйенеді және оған ислам ғұламаларының
жауабы қандай?
– Сүннет қажет емес, бізге Құран жеткілікті
дейтіндердің уәждеріне жеке-жеке ғылыми тұрғыда
19
Үндістан мен Пакистандағы сүннетті жоққа шығарушылар
жайлы кең мағлұмат үшін қараңыз; Махмуд Мұхаммед Мазруға,
Шүбәһатул-Құранийн хаулас-суннатин-нәбаууия.
20
Исмайл Мұтлы, Сүннеті Инкар Фитнесі, 301-347 беттер.
«Мұтлы
иайынлары»
баспасы, Станбұл, 1999ж.