q
q
20
Сүннетті мойындамау - дін бұзудың амалы!
Ориенталистердің уәждері мен ғылыми бұр-
малаулары мен біржақты дұшпандық зерттеулеріне
алданып, соларға ерген бірқатар мұсылмандар
да болды. Хадисті жоққа шығару XIX ғасырдың
соңында Үндістанда бас көтере бастады. Үндістан ол
кезде ағылшындардың отары болатын. Үндістанды
мекендейтін ислам дінін ұстанбайтын барлық тай-
палар мен ұлт өкілдері ағылшындарға бас иді.
Ал мұсылмандар ағылшындарға бас имек былай
тұрсын, бірнеше рет оларға қарсы қарулы көтеріліс
ұйымдастырды. Бұл көтерілістердің ең әйгілісі 1857
жылы болды.
Мұсылмандарды күшпен бағындыруға шамалары
келмеген ағылшындар енді олардың күшін ыдыра-
тып, ынтымақтарын іріту үшін араларына түрлі бүлік
кіргізуді жоспарлады. Әуелде кейбір атақ-мансапқа,
ақша мен дүниеге жақын адамдарды тәрбиелеп, олар-
ды халық арасында танымал етті. Сөзі тыңдалып,
айналасына адам жиналатын жағдайға келгеннен
кейін кезекті жоспарларын жүзеге асырып отыр-
ды. Содан барып Үндістанда өзін
«пайғамбармын»
деп
«Ахмадия»
ағымын құрған Мырза Ғұлам Ах-
мед, Пайғамбарды сүйгенін айтып, оған Аллаға тән
сипаттарды таңған Ахмед Рида Хан сындылар мен
өзін жаңа ғасырдың мүжәддиді санайтын хадистерді
жоққа шығарушы – Сайд Ахмад Хан тәрізді
ғалымсымақтар пайда болды. Артынша
«Умматун
муслиматун»
ұйымын құрған Абдуллаһ Шакралуай,
Ахмад әд-Дин әл-Амритсири, Ғұлам Ахмад Пәруиз
секілді адамдар да өздерінің хадисті жоққа шығаруға
байланысты пікірлерін халық арасында жаюға ты-
рысты. Бұлардың ішіндегі ең ықпалдысы – Ғұлам
Ахмад Пәруиз. Ол өзінің
«Әһлус-зикр уәл-Құран»