q
q
15
Сүннетті мойындамау - дін бұзудың амалы!
жақтан монғолдар шабуыл жасаған болатын. Бірақ
мұсылмандардың табандылығының арқасында
монғолдар жеңіліс тауып, христиандардың шабуы-
лы тойтарылып, олар өз елдеріне қайтты. Алайда
кресшілер жорығы мұнымен аяқталған жоқ. То-
мас Аквин сынды бірқатар адамдар мұсылмандарға
қарсы ең әсерлі соғыстың қарумен емес, идеология-
мен болуы керектігін ұсынды. Міне осы уақыттан
бері батыс тарапынан мұсылмандарға қарсы сипа-
ты мен тәсілі өзгеше «кресшілер жорығы» бастал-
ды. Барлық ислами құндылықтарға көлеңке түсіріп,
мұсылмандардың діндеріне деген сенімін әлсіретіп,
күмән салу үшін қолдарынан келгенін істеп бағуда.
Бұлар тек қана сүннетке емес, Құранға да күмән
туғызу үшін бар күштерін салуда»
14
.
Ориенталистер ең әуелі, Исламның негізгі қайнар
көзі Құранның айналасында әр түрлі күдікті ой-
лар шығарып, мұсылмандардың санасын улап,
имандарын әлсіретуге әрекет жасады. Бұл зымиян
пиғылдарынан пайда таппаған олар енді Құранды ха-
дис арқылы жоқ етуге кірісті. Себебі, Құранның қате
тәпсірленуіне Алла елшісінің сахих хадистері бөгет
екенін олар жақсы білді
15
. Бұл ақиқатты бұрын хри-
стиан болып, кейінен 1926 жылы мұсылмандықты
қабылдаған Австриалық ғалым Леопольд Вейсс
(Мұхаммед Әсад) ориенталистерге жауап ретінде
былай дейді:
«Сүннет біздің он үш ғасыр бойы
өркендеуімізді түсінудің негізгі кілті еді. Ендеше,
14
Мұхаммед Ғазали, Фыкыһчылара ве Хадисчилере гөре небеви сүннет,
308 бет. Ауд: Меһмед Гөрмез, әл-Муслимун газетінің ұйымдастырған
дөңгелек үстелінде болған баяндамалар осы кітаптың соңына қосымша
қосылған.
15
Мұхаммед Лұқман әс-Сәлафи, әс-Суннату Хужжиатуһа уа мәканатуһа
фил-ислами уар-радд ала мункириһа, 116-бет.
«Мактабатул-әйман»
баспасы, Мәдина, 1989 ж.