q
q
13
Сүннетті мойындамау - дін бұзудың амалы!
Сүннетті жоққа шығару бүлігі жүйелі түрде алғаш
рет Һижри екінші ғасырдың басында пайда болған.
Бұл бүліктің артында харижилар мен мұғтазила
секілді ағымдар тұрды.
Үшінші халифа Осман ибн Аффанды бүлікшілер
өлтіргеннен кейін Али (р.а.) мен Муғауия (р.а.) ара-
сында келіспеушілік орын алды. Тіпті, Әли мен
қарсыластарының арасында Сыффын және Жәмал
соғыстары да болды. Бұл соғыстардан кейін Али мен
Мұғауия «төрелік» (тахким) жолымен бітімге кел-
ген болатын. Осы төрелік пен бітімге қарсы шыққан
топ Харижилар болатын. Олар бұл төрелік пен
бітімді қабылдаған барлық сахабаларды кәпір санап,
Алидің де Мұғауияның да жақтастарынан бөлініп
шыққандығы үшін
«Хауариж»
делінді. Хауариж
арабшада
«бөлініп шығушылар»
дегенді білдіреді.
Харижилар сахабаларды кәпір санағандықтан,
олардың риуаят еткен хадистерінен бас тартты. Тіпті
өздерінен өзгеше ойлайтын мұсылмандарды өлтіруге
болады деген пікірде болды. Харижилардың осы
тәрізді басқа да жаңсақ пікірлерінің одан әрі жайы-
луына және Құран аяттарын қалауларынша қате
тәпсірлеулеріне хадистер бөгет болғандықтан, олар
сүннетті жоққа шығаруға кірісті. Харижиттердің
кейбіреуі барлық хадистерді жоққа шығарса, енді бір
тобы өздерінің пікірлеріне қайшы келетін хадистерді
терістеді.
Ислам дінінің қанат жаюымен бірге әр түрлі
сенімдегі адамдар мен түрлі пәлсапалық пікірлер
мұсылмандар арасына кіре бастады. Осы кезде
«Мұғтазила»
атты ағым грек философиясының
ықпалына жалаң ақылмен қарсы тұруға тырысты.
Сөйтіп ислам негіздері мен ұстанымдарын өздерінің
жалаң ақылдарына сай жорамалдауға кірісті.