Previous Page  12 / 44 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 12 / 44 Next Page
Page Background

q

q

12

Сүннетті мойындамау - дін бұзудың амалы!

оны кімнен үйрендіңдер? Сендер оны бізден, ал біз

болсақ, Алла елшісінен үйрендік емес пе?

– «Әлбетте».

– ...Алла Тағаланың Құранда: «Алла елшісі сен-

дерге нені алып келсе, соны алыңдар, ал неден тый-

са, одан тыйылыңдар» дегенін естімедің бе? Сосын

Имран тағы да былай деді: «Біз Алла елшісінен

сендер білмейтін талай нәрселерді үйрендік»...

12

Басқа риуаятта әлгі адам осы әңгімеден кейін

Имранға:

«Менің көзімді ашқаның сияқты Алла да

сенің көсегеңді көгертсін»

деп игі дұғасын жасағаны

айтылады. Оның бұлай дұға жасауына қарағанда, ол

хадистерге білместікпен қарсы шыққан болатын.

Сахабаларды көзі көрген кейінгі буын табиғиндер

кезінде де хадиске қарсы шыққан адамдарды

кездестіреміз. Мұттариф ибн Абдуллаға бір кісі:

«Бізге хадисті айта бермеңдер. Тек қана Құранда

бар нәрселерді айтыңдар»

деді. Мұттариф оған:

«Аллаға ант етейін, біз хадистерді Құранның

орнына айтып жатқан жоқпыз. Хадистерді

айтудағы мақсатымыз Құранды бізден де жақсы

түсінген Алла елшісінің сөзін баяндау»

– деп,

пайғамбарымыздың хадистерінің Құранды түсіндіру

үшін айтылатындығын білдірген.

Әбу Ханифаға Куфалық біреу:

«Бізге хадис

оқыма»

деп қарсылық білдіргенде, Имам Ағзамның:

«Егер сүннет болмағанда ешқайсымыз Құранды

дұрыс түсінбес едік»

13

деген жауабы хадиске қарсы

шығу оқиғасының табиғиндер дәуіріндегі тағы бір

көрінісі.

12

Дәләәйлун-нубууа лил-Бәйһақи, 1-том, 25- бет.

13

Исмайл Мұтлы, Сүннеті Инкар Фитнесі, 243-бет.

«Мұтлы

иайынлары»

баспасы, Станбұл, 1999ж.