Previous Page  9 / 44 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 9 / 44 Next Page
Page Background

q

q

9

Сүннетті мойындамау - дін бұзудың амалы!

оларға жақсылықты бұйырып, жаманшылықтан

тыяды. Жағымды, хош нәрселерді адал етіп,

зиянды нахош нәрселерді харам етеді...»

6

«Алла

елшісі сендерге нені алып келсе, соны алыңдар,

ал неден тыйса, одан тыйылыңдар»

деген аят та

Алланың рұқсатымен Мұхаммед пайғамбарға (с.а.у.)

берілген харам мен халал ету құзіретін қуаттайды.

Пайғамбардың өзі:

«Уа, Адамзат! Мен сендер-

ге екі нәрсе қалдырып барамын. Соларды мықты

ұстансаңдар ешқашанадаспайсыңдар. ОлАлланың

кітабы Құран және менің сүннетім...»

7

деп, өзінің

бірқатар сахих хадистерінде үмбетіне Құранмен

қатар сүннетті ұстанудың тура жолдан таймаудың

кепілдігі екендігін ескертіп кеткен.

– Тарихта сүннетті жоққа шығару бүлігі алғаш

рет қашан туындаған? Оның шығуына сыртқы

дұшпандардың әсері болған ба?

– Сүннетті жоққа шығару бүлігінің шығатынын

Пайғамбарымыз (с.а.у.) сонау он төрт ғасыр бұрын

мұғжиза ретінде хабар беріп кеткен. Алла елшісі

(с.а.у.):

«Маған Құран және тағы да сондайы

(сүннет) берілді. Жақында қарны тоқ, күрсісіне

жантайған біреу «Сендерге Құран жеткілікті.

Ол жерде не халал болса, соны халал деп біліңдер.

Ал не харам болса оны да солай қабылдаңдар»

дейді. (Сосын пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деп

сөзін жалғастырды:) Алла елшісінің харам еткені

де Алла Тағаланың харам еткеніндей екенін

ұмытпаңдар»

8

.

Пайғамбарымыз бұл хадисінде

Алла тарапынан өзіне Құранның жанында хадистің

6

«Ағраф»

сүресі, 157-аят.

7

әл-Мустадрак алас-сахихайн, 1-том, 171-бет.

«Дарул-кутубил-илмия»

баспасы, Бәйрут, 1-ші басылым. 1990 ж.

8

Сунану Әби Дәуід. 4-том, 200-бет.

«Дәрул-фикр»

баспасы.