Previous Page  8 / 44 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 8 / 44 Next Page
Page Background

q

q

8

Сүннетті мойындамау - дін бұзудың амалы!

және Оның елшісіне жүгініңдер. Бұлай істеу

сендер үшін қайырлы әрі нәтижесі тұрғысынан

да ең жақсысы»

делінген. Аятта айтылған

мұсылмандардың келіспей қалған мәселелері бой-

ынша Аллаға жүгінуі – бұл Құран аяттарына жүгіну

деген сөз. Ал аятта айтылған пайғамбарға жүгінуден

мақсат – оның артында қалдырған сахих сүннеттеріне

жүгіну болмақ. Олай болмағанда, пайғамбарымыз

қайтыс болғаннан кейін мұсылмандардың келіспей

қалғанмәселелері бойынша

«пайғамбарғажүгінудің»

мәні қалмас еді. Әрі Аллаға жүгініңдер дегеннен

кейін, пайғамбарға жүгініңдер деп айрықша атамас

та еді.

Алла елшісіне Құранды үмбетіне жеткізумен

қатар оны түсіндіру міндеті де жүктелген. Кез кел-

ген кітаптың түсіндіруші ұстазы болатыны секілді

Құран кітабы мен мына ғалам атты алып кітаптың

да түсіндіруші ұстазы бар. Ол ақырғы пайғамбар,

ұлы ұстаз хазірет – Мұхаммед (с.а.у.). Құранның

кейбір аяттарының мағынасы айқын, нақты болумен

қатар көптеген аяттарының мазмұны жалпылықты

білдіретін кесек үкімдер күйінде келген. Міне, осын-

дай жалпылықты білдіретін аяттарды жалқылау, ке-

сек үкімдерін тарқатып түсіндіру ісі Алла тарапынан

әз елшісіне жүктелген. Құранда:

«Саған бұл зікірді

(Құранда) оларға түсірілген нәрселерді түсіндіру

үшін бердік»

5

деп, пайғамбарға тікелей түсіндіру

миссиясы жүктелген. Сондай-ақ Алла елшісіне

Құранда мүлде айтылмаған кейбір нәрселердің

харамдығы мен халалдығын білдіру құзіреті берілген.

Алла Тағала Құранда Алла елшісінің миссиясын

түсіндірген аятта былай дейді:

«...Ол пайғамбар

5

«Нахл»

сүресі, 44-аят.