Previous Page  7 / 44 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 7 / 44 Next Page
Page Background

q

q

7

Сүннетті мойындамау - дін бұзудың амалы!

ғұмыршаң аяттар. Егер пайғамбарға бағыну оның

берген үкімдеріне емес, өзіне (с.а.у.) жай ғана

бағыну болғанда, ол (с.а.у.) өмірден озғаннан кейін

«Пайғамбарға да бағыныңдар»

деген Құранның

он шақты жерінде келетін бұл аяттардың ешбір

мағынасы қалмас еді.

Хақ Тағала

«Әли Ғимран»

сүресінің 31-аятында:

«(Уа, пайғамбарым!) оларға былай деп айт: «Егер

Алланы жақсы көрсеңдер, онда маған еріңдер.

СондаАлладасендердіжақсыкөріп, күнәларыңды

жарылқайды...»

– деп, Пайғамбарға ерудің Алланың

мейіріміне бөленіп, күнәлардың кешірілуіне себеп

екенін көрсеткен. Ал енді Алла елшісінің соңынан

еру бұл оның сүннетте көрсетілген көркем мінезін

үлгі тұтып, жасаған жақсылықтарын өнеге ету.

Бұйрықтарын орындап, тыйған тыйымдарынан қайту

болмақ. Құранның басқа бір аятында:

«Аллаға және

ақырет күніне иман келтіріп, Алланы көп зікір

еткендер үшін Алла елшісінде керемет өнеге

бар»

4

делінеді. Пайғамбарымыздың тамақ ішу мен

отырып-тұрудағы, отбасындағы өнегелік мінездері,

адамдармен болған барша қарым-қатынасы, соғыс

сәтінде қалай қару асынып, қол бастағандығы,

қиыншылықтарға қалай қарсы тұрғандығы, тағысын

тағы үмбетіне үлгі боларлық іс-әрекеттерінің көбі

хадистерде қамтылған. Сондықтан бұл аят та Алла

елшісінің сүннеттерінің маңызын мақұлдайды. Олай

болмағанда:

«Алла елшісінде сендер үшін керемет

өнеге бар»

деген аяттың мәні болмас еді.

«Ниса»

сүресінің 59-аятында

«Егер Аллаға және

ақырет күніне иман келтірген болсаңдар, онда

келіспей қалған мәселелеріңіз бойынша Аллаға

4

«Ахзаб»

сүресі, 21-аят.