q
q
5
Сүннетті мойындамау - дін бұзудың амалы!
– Жалпы «сүннет», «хадис» дегеніміз не?
Оның дініміздегі шынайы орны қандай?
–
Алла елшісінің айтқан сөздері мен жасаған іс-
әрекеттері және басқа адамдардың жасаған істері мен
сөздерін пайғамбарымыздың мақұлдауын
«сүннет»
немесе
«хадис»
дейміз. Сүннет пен хадистің қысқаша
түсіндірмесі осы.Аленді олардыңдініміздегі дәлеліне
келер болсақ, Алла Тағала Құранның бірқатар аятта-
рында Алла елшісінің сүннеттерінің маңызын айқын
көрсеткен. Мысалы,
«Ниса»
сүресінің 113-аятында:
«Алла саған кітапты әрі хикметті түсірді. Саған
бұрын-соңды білмеген нәрселеріңді үйретті.
Алла Тағаланың саған деген кеңшілігі тым
көп»
делінсе,
«Бақара»
сүресінің 151-аятында:
«Сендерге аяттарымызды (ғаламдағы Алланың
құдіретін білдіретін дәлелдер) оқу мақсатында
әрі сендерді рухани тазартып, кітабымызды
және хикметті һәм басқа да білмеген нәрселеріңді
үйрету үшін араларыңнан бір кісіні пайғамбар
етіп жібердік»
делінген. Құранда Алла тарапынан
пайғамбарымызға кітаппен бірге хикмет берілгендігі
шамамен жеті жерде айрықша айтылған. Алла
елшісіне (с.а.у.) берілген кітап – Құран, ал хикмет
– пайғамбарымыздың сүннеттері екендігіне барлық
ислам ғалымдары бірауыздан келіскен. Себебі, атал-
мыш аяттарда Алла елшісіне Құранмен бірге хик-
мет берілгендігі айрықша айтылып отыр. Ендеше,
Құран бөлек, хикмет бөлек дүние. Олай болса, Алла
елшісіне берілген хикмет – ол сүннет. Мұны басқаша
түсіну мүмкін емес. Өйткені Елшісіне сүннеттен
басқа хикмет берілмеген. Пайғамбардың әрбір сөзі
мен ісі, расында да, Құранда айтылғандай, хикметтің
нағыз қайнар көзі. Алла елшісі бір хадисінде:
«Мен