Previous Page  4 / 44 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 4 / 44 Next Page
Page Background

q

q

4

Сүннетті мойындамау - дін бұзудың амалы!

деген тоқсанға жуық аят бар. Бірақ бұл аяттардың

ешбірінде намаздың нақты уақыттары, рәкат сандары

және намаз ішінде оқылатын сүрелер мен дұғалары

көрсетілмеген. Ал енді хадисті жоққа шығарсақ,

ғасырлар бойы оқылып келе жатқан намаз қалай

оқылады? Сондай-ақ Құранда зекет берілуі тиіс мал-

мүліктің түрлері менмөлшері де нақтыкөрсетілмеген.

Тіпті мұсылмандықтың рәмізіне айналған бес

уақыт шақырылатын азанның сөздері де Құранда

айтылмайды. Мәйіттің қалай кебінделіп, жаназа

намазының қалай атқарылып, қалай жерленетіндігі

де білдірілмеген. Ендеше, хадиссіз Құранды, Ислам-

ды дұрыс түсіну мүлдем мүмкін болмағандықтан,

бұл топтың өздерін бұлай атауларының астарында

Құранды өздерінің теріс әрекеттеріне бүркеме ету жа-

тыр. Сондықтан оларды

«Құраншылар»

дегеннен гөрі

«Сүннетті мойындамайтындар, хадистерді жоққа

шығаратындар»

дегеніміз жөн. Бұл жайлы Қазандық

ғалым Мұса Жаруллаһ (1874-1949) өзінің

«Китабус-

сунна»

атты кітабының кіріспесінде:

«Бұлардың

өздерін «Құраншылар» деп атауының жалғыз себебі

– Құранды бізге жеткізген Пайғамбарымыздың

(с.а.у.) сүннетін жоққа шығаруы болмақ. Бұлардың

кейбіреуі Құранды қорғаған боп Алла елшісінің

(с.а.у.) сүннеттерін жоққа шығарғанын байқадым.

Бұлардың өздеріне мұндай лақап ат тағулары

Құранды келеке етуден басқа ештеңе емес»

1

– деп,

мұндай топ өкілдерінің өздерін

«Құраншылар»

деп

атауға лайық емес екенін білдірген.

1

ИсмайлМұтлы, Сүннеті Инкар Фитнесі, 243-бет.

«Мұтлы иайынлары»

баспасы, Станбұл, 1999ж.