q
q
6
Сүннетті мойындамау - дін бұзудың амалы!
хикмет ордасымын»
2
деп аятта айтылған хикметтің
өзінің сүннеті екенін түсіндірген.
Сондай-ақ
Құранның
бірқатар
аяттарын-
да Алла Тағала мұсылман құлдарын Өзіне
бағынып, бойұсынуға шақырған. Және бұған қоса
пайғамбарға бағынып, бойұсынуларын айрықша та-
лап еткен. Мысалы,
«Маида»
сүресінің 92-аятында:
«Аллаға бойұсыныңдар және Оның елшісіне
бойұсыныңдар. Қарсы келуден сақ болыңдар!»
делінсе,
«Әли Ғимран»
сүресінің 33-аятында:
«(Уа,
пайғамбарым!) оларғабылайдепайт: «Аллағажәне
Елшісіне бағынып, бойұсыныңдар. Егероларбұдан
бас тартса, Алла Тағала күпірлік келтіргендерді
жақсы көрмейді»
деп, мұсылмандардың Алламен
қатар пайғамбарға да бой ұсынулары бұйырылған. Ал
басқа бір аятта:
«Аллаға және Елшісіне бағынып,
бойұсыныңдар. Сонда сендерАлланың рақымына
бөленерсіңдер»
3
деп, мұсылман құлдардың Аллаға
және пайғамбарына бағыну арқылы рақымы мен ша-
рапатына кенелетіндігі білдірілген. Құранның ша-
мамен он шақты аятында Аллаға бағынумен қатар
пайғамбарға да бағыну талап етілген. Ал енді Аллаға
бағыну бұл – Құрандағы үкімдерге, Жаратқанның
бұйрықтары мен тыйымдарына бойұсыну екені
түсінікті. Ендеше, пайғамбарға бағынудан мақсат
сүннетте көрсетілген дүниелерді орындау немесе
тыйымдардан тартыну болмақ. Егер пайғамбарға
бағыну Құранға бағыну болғанда, Ұлы Иеміз
«
Аллаға бағыныңдар»
дегеннен кейін айрықша
«пайғамбарға бағыныңдар»
деп бұйырмас еді.
Сондай-ақ, Құран аяттары – белгілі бір уақытты
емес, қияметке дейінгі барлық шақтарды қамтитын
2
Тирмизи, Мәнақиб, 21.
3
«Әли Ғимран»
сүресі, 132-аят.