Previous Page  10 / 44 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 10 / 44 Next Page
Page Background

q

q

10

Сүннетті мойындамау - дін бұзудың амалы!

берілгендігін білдірумен қатар көп ұзамай қарны

тоқ, жұмсақ орынға жантайып жатып, дүниенің ра-

хатын іздеген құлшылыққа құлықсыз адамдардың

хадиске қарсы шығатынын алдын ала қалайша дөп

басып суреттеген?! Шынында да, хадиске қарсы

шыққан адамдардың көбі құлшылыққа құлықсыз,

нәпсілерінің жетегіне ерген адамдар екенін білеміз.

Себебі, бес уақыт намаз оқиын десе, нәпсілеріне

ауыр. Оқымайын десе, Алла елшісінің бес уақыт на-

маз оқудың парыздығы мен оны оқымаудың күнәсі

айтылған хадистері тұр. Осыдан келіп намаздың бес

уақыт екенін, рәкат сандарын нақтылап айтқан Алла

елшісінің хадистерін жоққа шығарады да, Құранда

айтылған намазды тілдік мағынасына сүйеніп

«жай мінәжат етіп, дұға жасау»

деп, нәпсілерінің

қалауларына қарай тәпсірлейді. Тіпті олардың

кейбіреуі Құранның:

«....Араққа жақындамаңдар»

9

деген мағынадағы аятын былай ысырып қойып,

«Не

айтқандарыңды білмейтіндей мас күйде намазға

жақындамаңдар»

10

делінген үкімі мәнсұх аятты

мас болмайтындай ішуге боладыға тәпсірлеп, Алла

елшісінің

«Барша мас қылатын нәрсе араққа жа-

тады. Ал арақтың азы да, көбі де харам»

11

деген

хадистерін жоққа шығарады. Бүкіл ислам үмбетінің

«Әйелдерге мәһірін беріп, некелесіңдер»

деп

түсінген Құран аяттарын

«әйелдерге ақыларын

беріп қосылыңдар»

дегендей мағынада теріс

тәпсірлейді. Сосын бөгде әйелмен ақшасын төлеп

уақытша некелесіп, ойнас жасауға боладыға келтіріп,

уақытша некелесудің анық харамдығын білдірген

9

«Маида»

сүресі, 90-аят.

10

«Ниса»

сүресі, 43-аят.

11

әт-Табарани, әл-Мұғжамул-әусат, 8-том, 53-бет.

«Дәрул-харамайн»

баспасы. Каир қаласы, һижри 1415 ж.