q
q
11
Сүннетті мойындамау - дін бұзудың амалы!
хадистерді жоққа шығару арқылы харамнан жол
табуға тырысады. Тағысын тағы...
Ислам тарихында жүйелі түрде болмаса да, Алла
елшісінің сүннетіне қарсы шығу әрекеті сахабалар
заманында орын алғанын байқаймыз. Оған Имран
ибн Хусайнның (р.а.) басынан өткен мына бір оқиға
дәлел:
Имран ибн Хусайынның жанында хадистер
негізінде шапағат мәселесі сөз болып жатыр еді.
Сонда отырған бір кісі:
«Уа, Әбу Нүжәйд! Сіз бізге
хадистерді түсіндіріп жатырсыз. Бірақ біз бұған
байланысты Құраннан бір негіз таппадық», – деді.
Сонда Имран ашуланған күйде әлгі кісіге былай
деді:
– «Сен Құранды оқыдың ба?».
– «Иә».
– «Ендеше, Құранда құптан намазының төрт
рәкат,ақшамнамазыныңүшрәкат,таңнамазының
екі рәкат, бесін мен екінді намаздарының төрт
рәкат екенін көрдің бе?».
– «Жоқ».
– «Онда мұны сендер қайдан алдыңдар? Сендер
оны бізден, ал біз болсақ Алла елшісінен алдық
емес пе?! Жарайды, Құраннан қырық дирһамға бір
дирһам, мынанша қойға бір қой, мынанша түйеге
бір түйе зекет берілетінін оқыдың ба?».
– «Жоқ».
– «Ендеше, оны қайдан алдыңдар? Біз оны
пайғамбардан, ал сендер бізден алдыңдар емес
пе?! Құранның «Қағбаны тауап жасаңдар» де-
ген аятын оқыдыңдар ғой. Ал енді сол Құранда
«Қағбаны жеті рет тауап жасаңдар, Ираһим
мақамының артында екі ракат намаз оқыңдар»
дегенді көрдіңдер ме? (әрине жоқ!) Ендеше, сендер