q
q
18
Сүннетті мойындамау - дін бұзудың амалы!
ғалымы Мұстафа Сибағи Голдзиһердің жоғарыда
көрсетілген бұрмалауын Шахт атты ориантали-
ске көрсеткендігі жайлы мына бір оқиғаны келтіре
кетуді жөн көрдік. Ол былай дейді: «Голландияның
Лейден университетінде, ислам ақиқаттарын
бұрмалап, оған жала жабуда Голдзиһердің
ізін жалғаған орианталист еврей Шахтпен
жолықтым. Оған Голдзиһердің қателіктерін және
кітаптарымызды әдейі бұрмалағандығын айт-
тым. Баста мұны қабылдағысы келмеді. Бірақ мен
Голдзиһердің сүннет тарихына байланысты жазған
кітабынан мысалдар келтіре отырып, Зүһридің
«Әмәуи басшылары бізді хадис жазуға мәжбүрледі»
деген сөзін
«Әмәуи басшылары бізді хадисті ой-
дан шығарып, жазуға мәжбүрледі»
деп қалай
бұрмалағандығын айттым. Алғашқыда таңырқады.
Сосын кітапханасынан Голдзиһердің кітабын алып
қарап, маған
«дұрыс айтасың»,
Голдзиһер бұл жерде
қателескен екен,»-деді. Мен оған:
«Бұл тек «қателік»
пе?»
-дедім. Ол ашуланып:
«Неліктен бірден жа-
ман ойлайсыңдар?»
-деді. Мен әңгімені Зүһридің
Әмауилер патшасы Абдул-Мәликпен болған байла-
нысына қатысты Голдзиһердің зерттеуіне қарай ойы-
стырдым. Сөйтіп мен оған Голдзиһердің пікірлерінің
қате екенін әшкерелейтін тарихи шындықтарды
көрсетіп бердім. Арамыздағы бұл тақырыптағы
пікірталастан кейін Шахт:
«Бұл жерде де Голдзиһер
қателескен екен. Ғұламалар да қателеседі ғой!»,
–
деді.Меноған:
«Голдзиһер–ғылымитұжырымдарын
тарихи уақиғаларға негіздейтін батыс шығыстану
мектебінің негізін салушы тұлға. Бірақ сөйте тұра
неліктен Зүһри туралы тұжырым жасағанда осы
ұстанымынан айныған? Ол қалай ғана «Зүһри пат-
ша Абдул мәликке жағу үшін Ибн Зүбәйрге қарсылық