q
q
19
Сүннетті мойындамау - дін бұзудың амалы!
ретінде әл-Ақса мешітінің қасиеттілігіне байла-
нысты хадисті ойдан шығарған» деп айта ала-
ды. Ал шындығында, Зүһри Ибн Зүбайр қайтыс
болғаннан жеті жылдан кейін ғана Абдул-Мәликпен
кездесті емес пе?», – дедім. Осы жерді Шахттың
беті қызарып кетті де, қолдарын уқалай бастады.
Түрінен ызасы мен сасқаны көрініп тұр. Мен оған
сенің «қателік» деп қана қарастырған осындай
мәселелер алдыңғы ғасырда кең тарап, бір ориан-
талистен екінші бір орианталиске тарихи ақиқат
ретінде жетіп отырды. Біз мұсылмандар бұлардың
бәрін кітаптың авторлары дүниеден өткеннен кейін
ғана біліп отырмыз. Алайда осы «қателіктеріңізге»
байланысты айтар ескертулерімізді сіздердің хади-
ске байланыстыжаңсақ пікірлеріңіз ғылыми шындық
ретінде қабылданбай тұрғанда, өздеріңіз тірі кезде
дұрыстап қарап, нәтиже шығарсаңыздар», – деп
онымен болған әңгімемді аяқтадым»
18
.
Голдзиһер сынды хадисті жоққа шығарған ба-
тыс шығыстанушыларының барлық дәйектері
мен пікірлеріне, бұрмалаулары мен уәждеріне
Мұстафа Сибағидың
«Сүннет және оның ислам
шариғатындағы орны»,
әл-Маудудидің
«Сүннеттің
шариғаттағы орны»,
Мұхаммад Ажжаж әл-Хатибтің
«Жазылып, жинақталғанға дейінгі сүннет»,
Махмуд
Мұхаммед Мазруғаның
«Алла елшісінің сүннетіне
қатысты Құраншылардың күмәндары»
, Мұхаммед
Лұқман әс-Сәлафидің
«Сүннеттің шариғатта
дәлел болуы мен оның исламдағы орны және оны
жоққа шығарушыларға жауап»
сынды еңбектерінде
ғылыми тұрғыдан жан-жақты жауап берілген.
18
Мұстафа әс-Сибағи, әс-Суннату уә мәканатуһа фит-ташриғил-ислами,
15-бет,
«әл-Мактабул-ислами»
баспасы, Бәйрут, 1985ж.