q
q
25
Сүннетті мойындамау - дін бұзудың амалы!
басқа Алла елшісінің сахабаларының арасын-
да хадисті менен көп білетін жан жоқ. Себебі,
Абдулла ибн Амр хадистерді жазатын, ал мен
жазбайтынмын»
25
.
Осы сынды көптеген риуаяттардан Алла елшісінің
(с.а.у.) кейбір сахабаларына хадистерді жазуға
рұқсат бергендігін аңғарамыз. Ендеше хадистердің
пайғамбарымыз бақилық болғаннан кейін алғаш
рет екі жүз жылдан кейін жазыла бастады дегендері
негізсіз.
Ал хадисті жоққа шығаратындардың дәлел ретінде
келтіріп жүрген Әбу Һурайрадан риуаят етілген: «Біз
хадистерді жазып жатқанымызда Алла елшісі:
«Нені
жазып жатырсыңдар?», – деп сұрады. Біз: «Сенен
естіген хадистерді жазып жатырмыз», – дедік.
Ол: «Алланың кітабынан басқа кітап па? Сен-
дерден бұрынғы үмбеттер Алланың кітабымен
бірге басқа кітаптар жазғаны үшін адасты»
деген
сынды риуаяттар хадистің Алла елшісінің заманын-
да мүлде жазылмағандығына дәлел бола алмайды.
Себебі, Алла елшісінің хадистердің қағазға түсірілуін
құптамағандығын білдіретін осындай риуаяттар мен
оларды жазуға рұқсат берген жоғарыда келтірілген
хадистерді бір-бірімен ұштастырып былай түсінуге
болады:
Біріншіден, исламның алғашқы кездерінде, Құран
аяттарының әлі санаға толық сініп, сахабалардың
жадына әлі басылмаған уақыта Алла елшісі өз
хадистерінің жазылуын құптамаған. Себебі, Құран
мен хадистердің бір-бірімен араласып кету қаупі бар
еді. Кейіннен Құранды көптеген сахабалар жатқа
25
әл-Бұхари, Бабу китабатил-хадис. әт-Тирмизи, фил-илм.