Previous Page  30 / 44 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 30 / 44 Next Page
Page Background

q

q

30

Сүннетті мойындамау - дін бұзудың амалы!

(с.а.у.) көзіне ешқайсысы тік қарамайды»

дегені

риуаят етілген. Сахабалардың әз пайғамбарымыз

Мұхаммедке (с.а.у.) деген мұндай құрметі мен

сүйіспеншілігі оның Алла жіберген ақырғы елші әрі

сүйікті құлы болуынан туындағандығында еш шүбә

жоқ. Ендеше, осындай құрмет пен сүйіспеншілікке

ие болған Алла елшісінің әрбір сөзі зая кетпей зерде-

де сақталарында еш күмән жоқ.

Хадистер сахабалар мен табиғиндердің заманында

қағаз, сүйек, бөз, тері сияқты нәрселерде сақталумен

қатар жаттау тәсілімен де сахабалардан табиғиндерге,

олардан басқаларға риуаят жолымен жетіп жат-

ты. Ресми түрде һижри І ғасырдың соңында, ІІ

ғасырдың басында бесінші рашид халифа Омар ибн

Абдил-Азиздің бұйыруымен мемлекеттік деңгейде

ресми түрде хадистерді қағазға түсіріп, жинақтау

дәуірі басталды. Халифа Омар ибн Абдил-Азиз

қарамағындағы ибн Шиһаб әз-Зүһри сынды бірқатар

табиғиндерді хадистерді жинап, қағазға түсіруге

міндеттейді. әз-Зүһри былай дейді:

«Омар ибн

Абдил-Азиз біздерге хадистерді жинауды бұйырды.

Сөйтіп біз оларды дәптерлерге жаздық. Омар ибн

Абдил-Азиз өзінің қарамағындағы барлық жерлерге

хадис жазылған дәптерлерден жіберді»

31

.

Омар ибн

Абдил-Азиздің хадистерді ресми жинақтауға бай-

ланысты бастамасы тек Мәдина қаласының ғалымы

Зүһридің шұғылдануымен ғана шектелмей, Меккеде

Абдул-Мәлик ибн Абдилазиз ибн Жүрәйж, Иракта

Сайд ибн Әби Аруубә, Шамда Әузағи, Куфада Зайда

ибн Қудама мен Суфиян әс-Сәури, Басрада Хаммад

ибн Сәлама және Хорасанда Абдуллаһ ибн Мүбәрак

секілді ғалым тұлғалар тарапынан жалғасын тапты.

31

Мұхаммед Ажжаж әл-Хатиб, әс-Суннату қаблат-тадуин, 332-бет.

«Мәктабуту уәһба»

баспасы, ІІ басылым, 1988ж