q
q
35
Сүннетті мойындамау - дін бұзудың амалы!
ағашты жатырқап, оны қисынға қайшы санауларына
жол болсын!?
Хадисті қабылдамайтындардың ақылға қайшы
санаған тағы бір сахих хадиске көз жүгіртейік:
Алла елшісі былай дейді:
«Қайсыбіріңіздің (ас-су)
ыдысына шыбын түссе, оны (сол ас-суға) баты-
рып жіберіп, қайта алып тастасын. Өйткені
қанаттарының бірінде – ауру, ал келесісінде –
шипа бар»
35
.
Бұл хадис имам Бухари секілді сенімді хадис
жинақтарында кездеседі. Алғаш рет бұл хадисті
қисынға қайшы санап жоққа шығарған Мұғтазила
ағымы еді. Кейіннен ХХ ғасыр ориенталистері
мен кейбір ғылым адамдарының өлшемдеріне сай
келмегені үшін сынға ұшырады.
Алайда бұлхадисте үлкен ғылымиақиқат айтылған.
Мұны қазіргі ғалымдар мойындап отыр. Ол былай:
шыбын бір сұйық затқа түскенде, қанаттарының
бірін сақтықпен, жоғарыда ұстауға тырысады. Яғни,
екі қанатын бірдей батырмайды. Өйткені қонған
жерінен қайта ұшқанда, құрғақ қанаты оның ұшып
кетуіне жеңілдік жасайды. Бірақ әр жерге бір жақ
қанатымен қонып жүрген шыбын біздің ас-суымызға
да сол былғаныш қанатымен қонатындықтан, оған
микроб жұқтыратыны анық. Ал енді мұндай жағдайда
ескерілетін нәрсе, шыбын түгелдей ыдысқа баты-
рылып барып қайта шығарылып тасталуы тиістігі.
Өйткені оның бір қанатында микроб болса, екінші
қанатында сол микробты жоятын антимикроб бар.
Өліммен арпалысқан шыбынның арқасынан нұқып
кеп жібергенде, сақталған антимикроб құтысы жары-
35
Бухари, Бәд’ул-Халқ, 17, Тыбб, 58.