Previous Page  34 / 44 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 34 / 44 Next Page
Page Background

q

q

34

Сүннетті мойындамау - дін бұзудың амалы!

ақыреттегі өлшемдерді мына дүниенің физикалық

заңдарымен өлшеу үлкен қателік. Алла Тағала құдси

хадисте:

«Мен салиқалы құлдарыма жұмақта

мүлде көз көріп, құлақ естімеген, ақыл ойлап

пайымдамаған сый әзірледім»

демейді ме? Тіпті

ақырет әлемін былай қойғанда, мына дүниенің өзінде

өлшемдер мен заңдылықтар түрлі болып келеді. Мы-

салы, жердегі уақыт өлшемі мен ғарыштағы уақыт

өлшемі бірдей емес. Ояу кезде көздің көруі үшін оның

ашық болуы, көретін нәрсенің алдында әрі материал-

ды болуы және оның қараңғыда емес, жарықта болуы

ләзім. Осы заңдылықтар орындалған кезде ғана біз

көре аламыз. Ал ұйқы кезінде түс әлемінде көзіміз

жұмылып жатса да көреміз, қолымыз тимесе де түрлі

заттарды ұстаймыз. Бұл ояу кездегі көру мен ұйқы

сәтіндегі көру өлшемдерінің түрлілігін білдірмейді

ме? Ана құрсағындағы сәбидің қоректенуі мен

дүниеге келген баланың қоректену жолы, тіпті ты-

ныс алу тәсілі де өзгеше. Құрсақта кіндік арқылы

қоректенсе, сыртқа шыққаннан кейін аузы арқылы

еміп, мұрны арқылы дем алады. Ал енді сырттағы

өлшемге салып,

«баланың құрсақта кіндік арқылы

қоректенуі мүмкін емес, бұл ақылға қайшы»

десек,

қаншалық қателескен боламыз. Ендеше, ақыретке

қатысты айтылғандарды бірден мына дүниенің тар

заңдылықтарымен өлшеу үлкен қателік. Екіншіден,

қазіргі ғылым Күн планетасының біздің өмір сүріп

отырған жер шарынан қанша есе үлкен екенін айтып

отыр. Тіпті, миллиондаған жылдан бері бізге жарығы

әлі келіп жетпеген Күннен де үлкен алыстағы

алып планеталар мен жұлдыздардың бар екендігі

дәлелденіп отыр. Ал енді мына дүниеде мұндай

алып денелердің бар екеніне күмән келтірмеген

адамдардың Алла елшісі айтқан жұмақтағы алып