Previous Page  31 / 44 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 31 / 44 Next Page
Page Background

q

q

31

Сүннетті мойындамау - дін бұзудың амалы!

Мұхаммед Ажжаж әл-Хатиб хадистердің ресми

түрде жинала бастаған шағын бұдан да әрірек апара-

ды. Ол мысыр әміршісі Абдул-Азиз ибн Мәруанның

Сирияның Хымс қаласынының ғалымы Кәсир ибн

Мурра әл-Хадрамиға Хымстағы сахабалардан хади-

стер жинауын өтініп хат жолдағанына байланысты

сахих жолмен жеткен риуаятты негізге алып отыр

32

.

Егер Кәсир ибн Мурра Мысыр әміршісі Абдул-

Азиздің өтінішін орындаған болса, онда хадистердің

ресми түрде қағазға түсіріліп, жанақталуы һижри 70

жылдарда, яғни пайғамбарымыз қайтыс болғаннан

кейін шамамен алпыс жылдан кейін басталған деген

тұжырымға баруға болады.

Риуаят күйінде жеткен хадистердің өзгеріске

ұшырамаған пайғамбарымыздың шынайы сөзі

екендігін анықтау үшін ғұламалар арнайы ғылыми

тәсілдерді дамытып, байытты. Сол тәсілдер бойынша

хадистердің дұрысы мен әлсізі, жақсысы мен ойдан

шығарылғаны анықталды. Мысалы, бір хадисті тізбек

бойынша бірнеше адам риуаят еткен болса, сол риу-

аят еткен әр адамның өмір баянын, тақуалығы мен

білімін, адамгершілігі мен жаттау қабілетін толықтай

зерттеп барып хадистердің сахих яки әлсіз секілді

дәрежелерін анықтады. Хадистерді бір-бірімен салы-

стыра отырып кейбір артық сөздерін де айқындады.

Ешбір дінге, ешбір ғылымға нәсіп болмаған

«ғилмул-

жарх уәт-тағдил, ғилмул-рижалил-хадис»

33

сынды

ғылыми тәсілдер арқылы Құранның түсіндірмесі,

Алла елшісінің сөздері бізге дейін дін аман жетті.

Бұл ғылым дамығанға дейінгі қағазға түскен хади-

32

Мұхаммед Ажжаж әл-Хатиб, әс-Суннату қаблат-тадуин, 374-375 беттер.

«Мәктабуту уәһба»

баспасы, ІІ-басылым, 1988ж

33

Хадисті риуаят еткен кісілердің тақуалық, есте сақтау қабілеттері секілді

жағдайларын зерттейтін ғылым.