Previous Page  28 / 44 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 28 / 44 Next Page
Page Background

q

q

28

Сүннетті мойындамау - дін бұзудың амалы!

кітап қалған. Бұл кітаптардың арасында хадистердің

де бар екені риуаят етілген. Бұған қоса, Жабир ибн

Абдиллаһ сынды бірқатар сахабалар мен Һуммам

ибн Мүнәббиһ тәрізді көптеген табиғиндердің

де хадис жазған кітаптары болған. Һуммам ибн

Мүнәббиһ Әбу Һурайра делінген мәшһүр сахабаны

көзі көріп, одан көптеген хадистерді жазып алған.

Оның жазып алған хадистерін қамтыған парақтарға

«әс-сахифатус-сахиха»

яғни,

«шынайы, дұрыс

парақтар»

делінген

30

.

Ал жазылмағандарын сахабалар естерінде

сақтап қалған болатын. Бір айта кететіні, арабтар

мәліметтерді көбіне жазбаша күйде емес, жаттау

қабілеттері өте жоғары болғандықтан, жадыларын-

да сақтайтын. Бір естіген ұзыннан-ұзақ өлеңдер мен

жырларды, ата-тек шежірелерін еш өзгеріссіз ай-

тып беретін болған. Хадисті жоққа шығаратындар

жүздеген, мыңдаған хадисті бір адамның жаттауы

мүмкін емес дегенді алға тартады. Алайда бұл –

қазіргі таңдағы әртүрлі керексіз мәліметтермен

басы толып, жаттау қабілеті мұқалған адамның өзі

мен төңірегіндегілерге қарап салыстыра айтқан

қате тұжырымы. Кеше жүздеген телефон номерін

жатқа білетін адамдар ұялы телефон шыққалы ең

жақын адамдарының номерлерін әрең есте ұстайтын

жағдайға жетті. Кешегі ұзыннан ұзақ сандарды бір-

біріне көбейтіп, ойша есеп шығаратындар есептегіш

құрал шыққалы бұл қабілетінен айрылды. Ендеше, әр

замандыөзмүмкіншілігіменқарауқажет.Арыбармай-

ақ қояйық: көшпенді халықтарының шежіресі, жыр-

лары мен дастандарының өзі осы ауыз әдебиеті мен

30

Мұхаммед Ажжаж әл-Хатиб, әс-Суннату қаблат-тадуин, 353-355-бет.

«Мәктабуту уәһба»

баспасы, ІІ-басылым, 1988ж.