q
q
33
Сүннетті мойындамау - дін бұзудың амалы!
Олардың ақылға қайшы деп таныған кейбір сахих
хадистері, шын мәнінде, ақылға да, нақылға да қайшы
емес. Бір қарағанда, қисынсыз секілді көрінетін
хадистердің негізінде өзінше терең түсіндірмесі мен
ғажайып жорамалы бар, яки ауыспалы мағынада
рәміздік кейіпте айтылған.
Әсілінде, жалаң ақылдың бүгін тура дегені ертең
қате болып жатады. Бұған кеше ақиқат саналғанымен
бүгін шикілігі әшкереленіп жатқан түрлі
«измдер»
мен кейбір ғылыми болжамдардың өзі дәлел емес пе?
Белгілі бір дәуірдің қол жеткізген мүмкіншіліктерінің
аясында дұрыс пен бұрысты анықтау – әрине қате.
Мысалы, осыдан жүз жыл бұрын ұялы телефонның
бар екенін айтса, сол кездің адамдары мұны
«ертегі
немесе айтып тұрған адам ақылынан адасқан
шығар»
деп сенімсіздік танытуы мүмкін еді. Ал
сол кешегі ақылға сыймайтын ұялы телефон бүгін
әркімнің қолында жүр. Әрі бұған ешкім таң қалмайды.
Сондықтан бір қарағанда, қисынға қайшы секілді
көрінген кейбір сахих хадистерді асығыстық жасап,
бірденжоққашығару өзімізді ертең ұятқа қалдыратын
үлкен қателік. Міне, сондықтан Абай жалаң ақылды
емес,
«нұрлы ақылды»
үнемі насихаттайды.
Мысалы, хадисті жоққа шығарушы Әбу Райяның
қисынға қайшы деген Алла елшісінің:
«Жұмақта
көлеңкесінде салт жүргіншінің жүз жыл
жүретіндей үлкен ағаш бар»
34
деген хадисіне
қарайықшы. Әбу Райя бұл хадистің қай жерін ақылға
қайшысанап тұр?Үлкендігін бе?Олжатырқайтындай
нәрсе ме екен, тәйірі? Олай дейтініміз, біріншіден,
бұл өсімдік – бұл дүниелік өлшемдерімен емес,
ақыреттегі заңдылықтарға бағынатын ағаш. Ал
34
Мүслим.