Previous Page  27 / 44 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 27 / 44 Next Page
Page Background

q

q

27

Сүннетті мойындамау - дін бұзудың амалы!

Кейіннен немересі Амр ибн Шуғайб осы парақтардан

хадис риуаят еткен. Ибн Әсир бұл парақтарда мыңға

жуық хадистер болғанын айтады. Кейбір риуаяттар-

да бес жүзге жуық хадис қамтылғандығы білдірілген.

Кейіннен Имам Ахмет өзінің хадис жинағында осы

парақтардағы хадистерді риуаят еткен. Басқа да ха-

дис жинақтарында да осы парақтардағы хадистердің

көпшілігі қамтылған

28

.

Пайғамбарымыз дүниеден озғаннан кейін де

кейбір сахабалар хадистерді жазып жүрді. Мыса-

лы, имам Бұхаридың Әнас ибн Мәликтен риуаят ет-

кен хадисінде былай делінеді: «

Әбу Бәкір Әнас ибн

Мәликті Бахрейнге жіберген кезде мынаны жазып

берді:

«Бисмиллаһир-рахманир-рахим,

бұл

Алла

Тағаланың пайғамбарына бұйыруымен пайғам-

бардың мұсылмандарды міндеттеген зекет

парызының мөлшері. Кімде-кімнен зекетті осы

бойынша беруі талап етілсе, онда өтесін, ал бұл

мөлшерден жоғары болса, бермесін».

Сондай-ақ, әд-Даримидің риуаятында Башир ибн

Нәһиктің былай дегені жеткізілген:

«Әбу Һурайрадан

естігендерімді жазып жүрдім. Мен одан кетер

кезде жазғанымды алып келіп оған оқығанымда

былай деді: «Бұл – менің сенен естігендерім». Ол:

«Иә» деп жауап берді»

29

.

Сондай-ақ Абдуллаһ ибн Аббас пайғамбарымыз

қайтыс болғаннан кейін сахабалардан хадистер

жинап, оны жазып отырған. Абдуллаһ ибн Аббас

қайтыс болған кезде артында бір түйенің жүгіндей

28

Мұхаммед Ажжаж әл-Хатиб, әс-Суннату қаблат-тадуин, 349-бет.

«Мәктабуту уәһба»

баспасы, ІІ-басылым, 1988ж.

29

А.а.е. 184-бет.