Previous Page  22 / 44 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 22 / 44 Next Page
Page Background

q

q

22

Сүннетті мойындамау - дін бұзудың амалы!

жауап берген ислам ғұламаларының еңбектерінің

кейбіреуінің атын жоғарыда атадық. Бәрін қамту

мүмкін болмағандықтан, бірнешеуіне ғана тоқтала

кетейік.

1.

Құранда барлық нәрсенің егжей-тегжейлі

баяндалғаны аятта көрсетілген. Мысалы, Құранда:

«Біз кітапта ешбір нәрсені кем қалдырмадық»

21

,

«Біз саған бұл Кітапты (Құранды) әрбір нәрсенің

түсіндірмесі ретінде түсірдік...»

22

делінген аяттар

бар. Ендеше, Құранда барлық нәрсе толық баяндалған

болса, онда хадиске қандай қажеттілік бар?

Хадисті жоққа шығаратындардың келтірген бұл

дәлелдері мен уәждері мүлде орынсыз. Себебі,

Құранда барлық нәрсенің бүге-шүгесіне дейін егжей-

тегжейлі түсіндірілмегені баршаға мәлім. Ендеше,

бірінші аятта айтылған кітап Құран емес. Бұл жайлы

барлық тәпсір кітаптарында аяттағы кітаптың Құран

емес, үлкенді-кішілі барлық нәрсенің егжей-тегжейлі

сипаты мен толық тағдыры жазылған

«Ләухул-

махфуз»

кітабы екендігі айтылған. Бұл аяттың

алдындағы

«Жер басқан барша жан иесі, әуеде қос

қанатыменұшқанқұс табәрі сендерсияқты(қоғам

боп өмір сүруге бейім жаратылған) жеке үмбет»

деген аятқа үңілгенімізде, одан кейін келетін:

«Біз

кітапта ешбір нәрсені кем қалдырмадық»

деген

аяттағы

«кітаптың»

Құран емес,

«Лаухул-махфуз»

екенін түсіну қиын емес. Яғни, жерде өмір сүретін

құмырсқа да, үйір-үйір боп жүретін аңдар да, қоғам

боп өмір сүретін бал арасы да, көктегі топ-тобымен

ұшқан құстар да белгілі бір жүйеге, арнайы бекітілген

ережеге бағынады. Сол жүйенің бәрі бүге-шүгесіне

дейін

«Лаухул-махфузда»

жазылған. Олай болса,

21

«Әнғам»

сүресі, 38-аят.

22

«Нахл»

сүресі, 89-аят.