166
Намаз – діннің діңгегі
түзеп тұрады. Ал Пайғамбарлары (с.а.с.) алдында
тұрып Аллаһтың кітабын оқығанда, не оқып жатқанын
білмейді. Исрайл қауымы да осылай істеген болатын,
сонда Аллаһ олардың пайғамбарларына уахи түсіріп,
былай деп айыптаған: «Денелеріңмен келесіңдер,
тілдеріңмен айтасыңдар, бірақ жүректерің басқа
жерде...»
237
.
Бұл намазды «хушумен» (ықыласпен, ынтамен)
оқитын адамдардың сипаты. Намазды ынта, ықыласпен
оқу намазханның дәрежесін көтереді. Бұл жайында
Аллаһ тағала
«Әркімнің істегеніне қарай дәрежелері
бар»
238
дегендей әрбір намазхан намазды қаншалықты
ықыласпен, ынтамен, Аллаһты ұлықтаумен оқыса, оның
ақыреттегі дәрежесі де сондай болмақ. Және намазды
ықыласпен оқу, оның қиыншылықтарын жеңілдетіп,
адамның жан қалауына жағымды келеді. Ал, намазды
ауыртпалық деп сезініп, ықылассыз, ынтасыз оқитын
болса, онда ол пенденің нәпсісіне намаздың ауыр
тигендігі. Бұл жайында Құран кәрімде:
«Расында, намаз
ынталылардан басқаларға ауыр келеді»
239
деп айтылған.
Және табысқа жетушілердің де басты себептері осы
намаздарын ынта, ықыласпен оқығандар. Бұл жайында
Аллаһ тағала
«Шынында иман келтіргендер (азаптан)
құтылды. Олар сондай мүміндер намаздарын ынта,
ықыласпен оқитындар»
деп, намазда іштей жалбарына,
ықыласпен оқитындардың Аллаһтың алдында табысқа
жететінін білдірген.
237
Насаи, Сахих. Абу Мансур Дәйлами. Имам Ғазали, Ихия ул -
миддин, 153 б.
238
Әнғам, 132.
239
Бақара, 45.