163
Ғибратты әңгімелер
жамандықтардыжояды. Бұл ойланғандар үшін бір насихат»
230
– деген аятты оқыды
231
.
Жаймашуақ күндердің бірінде Пайғамбарымыз (с.а.с.)
мешітте отыр еді. Жанына бір адам келіп жайғасты да: «Уа,
Аллаһтың расулы, мен күнә жасадым, мені жазалаңыз», –
деді. Аллаһ елшісі үн қатпады. Әлгі кісі айтқанын тағы да
қайталады. Осы арада намаздың уақыты болып намаз оқыды.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) намазын аяқтап кетіп бара жатыр еді,
жаңағы адам тағы да жабыса кетті. Пайғамбарымыз (с.а.с.)
сәл кідіріп оған қарады да:
– Үйіңнен шығарыңда дәрет алып па ең? – деді.
– Иә, Аллаһтың елшісі, – деп жауап берді.
– Бізбен бірге намаз оқыдың ба?
– Иә, оқыдым. Сонда Нәби:
– Онда Аллаһ сенің күнәңді кешті, – деді
232
.
«Әркім ақыретте сүйгенімен бірге»
233
. Бірақ адам
сүйгенімен бірге болып, шын бақытқа жету үшін намаз оқу
керек. Сахабалардың бірі Рәбия (р.а.) Пайғамбарымызға
(с.а.с.) қызмет ететін. Бір күні Пайғамбарымыз (с.а.с.)
Рәбияға (р.а.):
– Менен қалағаныңды сұра, – деді. Рәбия (р.а.) күлімдеп,
ойланбастан:
230
Худ, 114.
231
Ахмет ибн Ханбәл, «Муснәд», 5 т. 437 б.
232
М.Юсуф Кандаһлауи, Хаятус - сахаба, 3 т. 363 б.
233
Бухари Сахих, 6168 – хадис