164
Намаз – діннің діңгегі
– Жұмақта сенің досың болғым келеді! – деді.
Пайғамбарымыз (с.а.с.):
– Басқа нәрсе сұрасаң болмаушы ма еді?
– Бұдан басқа арманым жоқ! – деді. Аллаһтың елшісі
(с.а.с.):
– Олай болса көп сәжде қылып (намаз оқып), өзің үшін
маған көмектес, – деген болатын
234
.
Шайбан ибн Жиср әкесінен естіген мына жағдайды
әнгімелейді:
«Аллаһтың атымен ант етемін, Хумай әт-Тауил екеуміз
Сәбит әл-Бунаниді қабіріне қойдық. Қабірді көмуге ыңғай-
ланған сәтте аңдаусызда оның үстіне бір кірпіш түсіп кетті.
Қабірге қарап едім, Сәбит намаз оқып жатыр екен. Сонда
жанымдағы досым маған «айқайлама» деп ишарат білдірді.
Осы оқиғадан кейін Сәбиттің қызына барып, әкесінің тірі
кезінде қандай амалмен шұғылданатынын сұрадық. «Оны
неге сұрадыңыздар?» – деп еді, біз болған жайтты қызына
баяндадық. Қызы: «Әкем елу жыл бойы түнгі (Таһажжуд)
намазын тастамаған және екі қолын жайып: «Аллаһ тағалам,
егер қабірде әлде бір құлына намаз оқуды нәсіп ететін болсаң,
оны маған нәсіп ете гөр!» – деп жалбарынатын. Түнгі
құлшылықтан басқа ешбір амал жанына жақын емес еді» –
деген екен»
235
.
234
Муслим, Саләт, 226.
235
Ибнул Жаузи, Сифатус - сафуа, 111, 263 б.