Previous Page  160 / 176 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 160 / 176 Next Page
Page Background

160

Намаз – діннің діңгегі

намаз емес» – деген

224

. Әрине, бұл да бір тақуалықтың шыңы

болса керек.

Оқыған намазымызды Аллаһқа есеп беру деп бағаласақ,

жамандыққа беттемейтініміз анық. Сондықтан болар Ибн

Масғуд (р.а.): «Пенденің оқыған намазы оны жақсылыққа

шақырып, жамандықтан тыймайтын болса, онда ол Аллаһтан

алыстатқаннан басқа ештеңеге жарамайды»

225

– деген екен.

Халаф ибн Әйюбтан: «Шыбындар сені мазаламайды ма?

Неге оларды қолыңмен жасқамайсың?» – деп сұрағанда, ол:

«Намазымды бұзатын нәрселерге жол бергім келмейді» – деп

жауап қайтарады. «Сонда оларға қалай шыдайсың?» – де-

генде: «Патшаның алдында жазалы болып, дүре соқтырған

адамдар сабауына шыдап, дыбыс шығармайды. Тіпті бұл жа-

засын мақтаныш тұтады екен. Олай болса, мен Раббымның

құзырында тұрғанда, болмашы ғана шыбынның ызыңын

елемегенді дұрыс деп білем» – деп,

226

намазда тұрғанда

көлденең ештеңеге көңіл бөлмеу керектігін ұқтырған екен.

Фиқһ, ғибадат, тақуалық және жомарттық секілді барлық

ізгі көркем қасиеттерді бір бойына жинақтаған ерекше тұлға

Әбу Ханифа түнгі құлшылығымен де ерекшеленетін. Түнде

224

Әбу Лайс Самарқанди, Танбиһул - ғафилин, 531 б.

225

Әбу Лайс Самарқанди, Танбиһул - ғафилин, 531 б.

226

Имам Ғазали, Иһия Улумуд-дин, 1 т. Рубғул - Ибадат, 414. б.