Previous Page  157 / 176 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 157 / 176 Next Page
Page Background

157

Намазға қатысты сұрақ-жауаптар

жаратылысының мақсаты екеніне пысқырып қарағысы

да келмейді. Ал негізінде Аллаһ тағала Құранда

«Жын

мен адамзатты өзіме құлшылық қылулары үшін ғана

жараттым»

220

демей ме? Бізді жаратып, рухымызды

қайта алған, ақыретте есепке тартып шексіз сыйлық не-

месе азап беретін Аллаһ тағала адамзатты бұл дүниеге

құлшылық үшін жаратқанын айтып намаз оқуымызды

бұйыруда. Ал біз болсақ өз құлқынымыздың қамын

ойлап, бостан-босқа жаратылып, мына жалғанға текке

келгендей сезінеміз. Бұл жайында да Аллаһ тағала

«Біз

сендерді бостан босқа жараттық деп ойлайсыңдар

ма?.....»

221

демей ме?

Аллаһ тағала да, Пайғамбарымыз (с.а.с.) да ең үлкен

ғибадаттың намаз екенін айтумен қоса қабірге түскенде

де ең бірінші сұралатын осы намаз екенін ескерткен.

Алғашқы сынақтан сүрінбесек, басқа нәрселердің де

есебін беру оңайырақ болады. Сондықтан намаз оқуға

деген ынтамызды дұрыстайық.

Бес күндік жалғанның сынақ екенін жақсы ұғынып,

мұсылмандық парыздарымызды орындауға ұқыппен

қарайық. Намазымыз арқылы барлық қателіктеріміз бен

күнәларымыздан арылуды Аллаһ тағала баршамызға

нәсіп еткей! Әмин! Ал ол кезде бәрі де кеш болмақ.

220

«Зәрият» сүресі, 55

221

Муминун, 115.