154
Намаз – діннің діңгегі
тазалығы шынайы имандылықпен, парыздарды өтеумен,
салиқалы амалдарды орындаумен белгілі болмақ.
«Намазды дұрыс алып жүре алмаймын ба деп
қорқамын. Жастық шақты өкінбестей өткізу
керек қой»
Иә, адам болғаннан кейін санамызға сан түрлі ой
келері анық. «Намазды бастасам ертеңгі күні оңды-
солды емін-еркін қыдырып, сауық-сайран құра алмай
қаламын. Жастық шақ өмірдегі ең қызықты, ерекше
кезең. Қырдан асқан қызыл түлкідей бұлаңдап, көзден
бұл-бұл ұшып кеткенде «қайран жастық-ай» деп өкініп
отырғаннан нендей пайда бар? Одан да жақсылап жүріп
қалайын» деген сайтани сыбыстар сананы сілкілеп,
әбігерге салуы бек мүмкін.
Негізінде жастық шақ та мәңгілік емес, уақытша
ғана емес пе? Жайқалып жадырап тұрған жазғы
табиғатты ай артына ай салып күз келіп сары алтынмен
көмкеріп тастайды. Сап-сары боп оттай жанған атырап-
тар енді бір күні аппақ мамық көрпеге оранады. Осы-
лайша күндізден кейін жер бетін қою қараңғылық басса,
мүлгіген тыныштық орнататын түннің мезгілі ауып,
ағарып таң ата бастайды. Уақыт жылжып мезгілден
кейін мезгіл ауысқаны сияқты жастықтан кейін қарттық,
қарттықтан кейін Аллаһтан бұйрық келген күні өлімнің
келері хақ.
Егер адам жастық шағында шариғат шеңберінен
аспай, тек ізгі амалдар жасаса, оның қамшының сабын-
дай ғана қысқа ғұмырындағы жастық шағы мәңгілік
жастық шаққа айналары сөзсіз. Жаннатта ер кісілер
33 жаста, ал әйелдер 18 жастағы кейпінде мәңгілік
қалады екен. Бірде Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір әжейге
«сіз жаннатқа кәрі емес, жас болып кіресіз» деген