Previous Page  151 / 176 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 151 / 176 Next Page
Page Background

151

Намазға қатысты сұрақ-жауаптар

Және ішкі жан дүниемізді, ниетімізді білетін бір Аллаһ

қана.

«Мен, құдайға шүкір, намазымды оқып жүрген

жанмын. Бірақ көбіне ұмытып кетіп, уақыт

шығып кеткен кезде ғана есіме түсіп, өкініп

жататыным бар. Бұған не істеуге болады?»

Намазды уақыт кіре салысымен оқу өте сауап-

ты амал. Хадисте «

намазды алғашқы уақытында оқу

ең ізгі амал

» делінген. Намазды кешіктіру уақытты

шығарып алуға алып келетінін былай қойғанда,

немқұрайдылықтың бір көрінісі екенін есте ұстаған

абзал.

Намазды ұмытып кетпеудің ең ұтымды жолы оны

өзіңіздің ең маңызды ісіңіз деп білуде. Жаратылыстың

иесі сізді құзырына шақырғанда орныңыздан атып тұрып

тәкбірге асыққан жөн. Раббымыздың

«Әй, мүміндер,

жұма күні намаз үшін азан айтылған кезде дереу

Аллаһты еске алуға (намазға) ұмтылыңдар, сауданы

қойыңдар, біле білсеңдер бұл сендер үшін қайырлы»

218

деген сөзі тегін айтылмаса керек. Бұл тек қана жұма

намазына емес, барлық намазға қатысты сөз. Раббымыз

бізді өзіне шақырып жатқанда біздің басқа іске алда-

нып, Оны ұмытып кетуіміз адамгершілікке жата ма?

Намазды уақытында орындаған пенденің жан дүниесі

тыныш, өзін жайлы сезінеді. Бір іс шыға қалса, намазды

асығып оқып жүрмейді.

«Намазға ыңғайлы жер таба алмай жатамын»

Кей кісілер оқитын ыңғайлы жер таба алмағанын

немесе тазалыққа көңілі толмайтынын айтып жата-

218

Жұма, 9.