

146
Намаз – діннің діңгегі
жайғасу үшін қазір бір-екі жылда жүгіріп жүріп
ағылшын тілін шұбарлап сөйлесек те үйреніп алуға бар
күш-жігерімізді саламыз. Тіпті сыртына қым-қиғаш су-
рет басылған, тіл үйрететін кітаптарды дүкеннен іздеп
жүріп қалтаны қағатындай бағасына қарамастан сатып
алатынымыз өз алдына. Ал біз сол намаз сөзін, тіпті на-
маз оқуды үйрететін, бағасы да бәлендей қымбат емес
бейнелі кітаптарды сатып алуға ықыластанып көрдік пе?
Мектеп қабырғасында жүргенде мұғалім тапсырмасы
өз алдына, ашық сабақтар үшін өлең мен тақпақтардың
талайын жаттадық. Әлі күнге дейін есімізде қалғанын
ыңылдап әуезіне салып айтатын әдетіміз бар. Ал намаз
сөзі бұлардан аз болмаса, көп емес.
«Уақыт ыңғайы келмесе не істеу керек?»
Намаз дүниедегі барлық істен биік тұруы тиіс. На-
мазбен қатар қойғанның өзінде ешқандай да жұмыстың
маңызы одан артық болмақ емес. Үйдегі теледидарға
спутник антеннасын жалғап алып, 100 демесек те 50
арнаны бір аралап шығу үшін кем дегенде бір сағат
уақытыңыздың қалай өтіп кеткенін аңдамай қаласыз.
Ал, намаздың алатын уақыты бар болғаны 5-10 минут
қана. Кейбір оқушылар мектепте жүрмін деп намаз
оқымай жатады. Шынтуайтына келгенде намаздың
мектеп тәртібіне ешқандай да кедергісі жоқ. Екі сабақ
арасындағы үзілістің уақыты жүгіріп барып намаз оқып
келуге жетіп артылады. Оның үстіне сабақ уақытына
тұспа-тұс бір немесе екі мезгіл ғана намаз уақыты
келеді. Бір үзілісте барып дәрет алып келсе, екінші
үзілісте намаз оқыса, сабағына ешқандай да кедергісі
болмайды. Ескере кетейік, кейбір мектептерде намаз
оқитын орын болмауы мүмкін. Оның да жарасы жеңіл.
Қалта жайнамазы бос сыныпқа немесе кез келген басқа