145
Намазға қатысты сұрақ-жауаптар
оқып, онымен барынша күресе түсу керек. Иә, шай-
тан әрқашан адамды аяқтан шалып, тобықтан қағып,
тура жолда омақаса құлатуға тырысып бағады. Намаз-
ды беріліп оқу үшін ең алдымен жүректегі иман кәміл,
берік болмақ керек. Иманды кәміл ету үшін салиқалы
адамдардың ортасында көп болуға тырысқан жөн. Әбу
Һурайра (р.а.) риуаят еткен хадисте
Пайғамбарымыз
(с.а.с.):
«
Адам баласы досының дінінде болады. (Досы
қандай болса, өзі де сондай). Сондықтан да әркім кіммен
достық құратынына мұқият қарасын» деп айтқан
215
.
Олай болса, иманды, тақуа дос, құлшылығымызды
уақытылы орындап, иманымызды арттыруда бірден-
бір жәрдемшіміз бола алмақ.
Екіншіден, білімді арттырған үстіне арттыра
түскен абзал. Білім алу адам жүрегіне Аллаһқа де-
ген сүйспеншілік сыйлап, сіздің өз дініңізді толық
орындауыңызға себепкер болмақ.
«Оқыр едім, сөздерін білмеймін ғой»
Бұл сөзіміздің жарасы тіптен жеңіл. «Фатиханы»
қосқанда үш сүре және тағы бір-екі дұға біздің пары-
зымызды орындауға жетіп жатыр. Намаз оқитын кез
келген мұсылманның бұны қуана-қуана үйретері сөзсіз.
Еліміздің дамуы қарыштап, гүлденген осынау заман-
да оқитын діни кітаптар, болмаса имамдардың уағызы
басылған, заманауи тілмен айтқанда СD дисктер, бейне
баяндар табу тіптен қиын емес.
Бұл жерде де айналып келгенде дүниеге бөлген
көңіліміз ақыретке деген көңілден әлдеқайда ба-
сым тұрғанын еріксіз мойындайсыз. Үш тұғырлы тіл
саясатының арқасында жоғары лауазымды қызметтерге
215
Әбу Дәуіт, Муснад 4835