150
Намаз – діннің діңгегі
тұрыңдар. Ал егер қауіп-қатерде болсаңдар, жаяу
немесе көлікте (намаздарыңды ишарамен оқыңдар).
Қашан бейбіт болсаңдар, сендерге білмегендеріңді
үйреткеніндей Аллаһ тағаланы зікір етіңдер»
216
.
Парыз және уәжіп намаздарыңызды мынадай
жағдайда көлікте оқи аласыздар:
Көліктен түскенде мал мен жаныңызға қауіп
төнетін болса;
Көліктен түсе алмасаңыз немесе түскеннен кейін
қайта міне алмай қалатын болсаңыз. Поезд, ұшақ, кеме
сияқты мүмкіндік бар жерлерде тұрып, құбылаға қарап,
рүкүғ пен қиямды толығымен орындап оқығаныңыз аб-
зал.
Бес уақыт намаз адамды бір жүйемен, әрбір уақы-
тын есептеп жүруге тәрбиелейді.
Жолға шығатын кісі уақыттарын намаз уақытына
қарай есептеп шыққаны дұрыс. Мысалы, ақшам намазын
оқып шыққан кісі, құптан мен таң намазын автобустың
тоқтаған жерінде дәретін алып орындай алады. Асығыс
болған жағдайда тек парыздары оқылады және сапарда
4 рәкаттық парыз намаздары қысқартылып 2 рәкаты
ғана оқылады
217
. Жалпы автобустар 4-5 сағат сайын
жолда тоқтайды, намазына қатты көңіл бөлген адам
автобустан қалып қоймайтындай әрбір уақытын алдын-
ала есептеп тиімді пайдалануға болады.
Намазымызды тіршілігімізге қарай емес, тірші-
лігімізді намазға қарай икемдейік. Өйткені Аллаһ
құлына көтере алмас жүкті бермейтінін Құранда айтқан.
216
Бақара, 238.
217
Тұрғылықты жерінен 90 шақырым алыстаған соң, жолаушы
үкімінде болып 4 рәкаттық парыз намаздар екі рәкатқа
қысқартылып оқылады.