Previous Page  156 / 176 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 156 / 176 Next Page
Page Background

156

Намаз – діннің діңгегі

Сауап көп ғибадатта десең де

Жалығып, жалқауланып жатасың.

Алланың адал рызығын жесең де

Арамды әдейі іздеп татасың.

Сыртыңды сыланасың өң беріп

Ішіңнің түзетпейсің қатесін.

Айламен алдағанды жөн көріп

Адамды аң орнына атасың.

Жалғанның бір пайдасын көргенде

Арланбай арыңды да сатасың.

Алланың ақ өлімі келгенде

Амалсыз қара тастай қатасың.

Тіпті жастық шағын желең жүріспен өткізген

жастардың қаншамасы мазарда жатыр. Жастығын жаман

жолда өткізгені үшін қабір азабын шегуде. Олай болса

ақиқат анық. Шариғаттың адал еткендері нәпсіміздің

қалауына жетерлік.

Сондықтан жастық шағымызда ешкімнің ала жібін

аттамай, елден қарғыс емес, алғыс алып, қоғамға пайда-

лы істермен айналысып, парасатты, пайымды адамдық

тұлғамызды қалыптастыруға ұмтылған дұрыс.

«Біз үшін намаз қаншалықты маңызды?»

Намаз оқымаудың ең басты себебі

оның маңызын

түсінбеуде. Намаз ақырет күнінде шексіз сый сый-

лайды. Алайда одан хабарсыз адам «қолым тимейді,

кейін оқимын» деп сылтау айтатыны бесенеден белгілі.

Дүние мен ақырет істерінің қайсысы абзал екенін

білмегендіктен осылай айтуда. Намаздың адамзат